.

Холангит | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Холангит

Мазұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Болжамы

Мүмкін асқынулары

Қашан дәрігерге көріну қажет

Алдын алу

 

Жалпы ақпарат

Холангит – бұл – өттің бауырдан өт қабына және ішекке өтетін жалпы өт түтігінің инфекциясы.  Өт – бауырда өндірілетін, тамақты қорытуға көмектесетін сұйықтық. 

Іш қуысындағы ағзалар: өңеш, асқазан, тоқ және аш ішектер, бауыр, өт қабы және ұйқыбезі тағамның қоректік заттектерін энергияға айналдырады және тағамның қоректік емес бөліктерін қоқыстарға ыдыратады, кейіннен олар организмнен сыртқа шығарылады.

 

Бауыр  - адам организміндегі ең үлкен ағза. Ол іштің оң жақ қабырға аумағында орналасқан. Бауыр екі бөліктен тұрады – үлкен өлшемді оң бөлігі және кіші сол бөлігі. Бауыр бірқатар маңызды қызметті атқарады. Ол қаннан зиянды заттектерді сыртқа шығарады. Сондай-ақ, бауыр асты қорытуға көмектесетін ферменттер мен өтті өндіреді. Бауыр тағамдық заттектерді зат алмасуында, организмнің өсуі мен дамуында қатысатын ұсақ қосылыстарға дейін ыдыратады. Бауыр қанды екі қантамыры арқылы алады. Негізгі тамыр – бауырдың қақпа венасы. Екіншісі – бауыр артериясы.

 

Себептері

Холангит әдетте, бактериалдық инфекцияға байланысты болады, ол түтіктің өт тасымен немесе ісікпен бітелуінде пайда болуы мүмкін. Бұл жағдайды туындататын инфекция бауырға таралуы мүмкін.

Аурулардың қауіп факторларына жататындар: өт-тас ауруы, беріштендіретін  холангит, АИТВ - инфекциясы, жалпы өт түтігінің тарылуы, сирек жағдайларда, паразиттік инфекцияны жұқтыруы мүмкін елдерге сапар шегу.

 

Симптомдары

Аурудың симптомдары:

  • Іштегі ауырсыну
  • Іштің жоғарғы оң аумағында немесе жоғарғы орта тұсындағы ауырсыну

  • Ауырсыну өтуі немесе қайталануы мүмкін

  • Жіті, түйіліп немесе батып ауыруы мүмкін

  • Арқада немесе оң  жауырыннан төмен деңгейде ауырсыну сезілуі мүмкін

  • Қалтырау  

  • Қызба  

  • Балшық түсті нәжіс

  • Несеп қошқыл түсті

  • Жүрек айнуы және құсу

  • Терінің сарғаюы, өтіп, қайтадан пайда болуы мүмкін.

 

Диагностика

Қажетті тексерулерге жататындар:

  • Іш қуысы ағзаларының УДТ (УЗИ)
  • Эндоскопиялық ретроградтық холангиопанкреатография (ЭРХПГ)
  • Магниттік-резонанстық холангиопанкреатография (МРХПГ)
  • Тері арқылы бауыр арқылы холангиограмма (ЧЧХА)

 

Қанның келесі талдаулары өткізіледі:

  • Билирубиннің деңгейін анықтау
  • Бауыр ферменттерінің деңгейі
  • Бауырдың функционалдық сынамалары
  • Лейкоциттер мөлшерін анықтау.

 

Емдеу

Ауруды тез анықтау және емдеу аса маңызды.

Алдымен, науқастардың көпшілігіне инфекцияны емдеу үшін антибиотиктер тағайындалады. ЭРХПГ және басқа хирургиялық шаралар науқастың жағдайы тұрақты болғанда өткізіледі.

Жағдайы тез нашарлайтын науқастарға шұғыл хирургиялық емдеу қажет болады.

 

Болжамы

Сәйкес емдеу болғанда, болжамы оң, емдеу болмаса нашарлайды.

Мүмкін асқынулары

  • Сепсис (қанда бөгде тектес микроорганизмдер айналымда болуына сай пайда болатын организмнің ауыр қабыну ауруы)

Қашан дәрігерге көріну қажет

Холангиттің симптомдары болса, дәрігерге көрініңіз.

Алдын алу

Өт-тас ауруын, ісіктерді және паразиттік араласуды емдеу холангиттің пайда болу қаупін азайтуы мүмкін. Аурудың қайтадан пайда болуының алдын алу үшін өт бөлу жүйесінде металл немесе пластик стент қойылуы қажет болуы мүмкін. 

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.