.

Иценко-Кушинг синдромы | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Иценко-Кушинг синдромы

Анықтамасы

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емі

 

Иценко-Кушинг синдромы - бұл ағзадағы кортизонның шамадан тыс болуынан туындаған гормоналды бұзылыс. Кортизон - бұл бүйрек үсті безінің қыртысты қабатынан өндірілетін гормон.

 

Пайда болу себептері

Иценко – Кушинг синдромы кейде преднизолон сияқты синтетикалық гормон қолданылатын қабыну ауруларын емдеу нәтижесінде пайда болады. Кейде қатерлі ісіктердің кейбір түрлері кортизонның шамадан тыс бөлінуіне себепші болатын гормонды өндіреді.

Иценко-Кушинг синдромы өте сирек кездесетін ауру.

 

Симптомдары

  • Дененің жоғарғы бөліктерінің семіруі
  • Аяқ – қолдардың арық болуы
  • Қатты шаршағыштық және бұлшықет әлсіздігі
  • Қан қысымының жоғарылауы
  • Қанда қанттың деңгейі жоғарылауы
  • Көгерген жерлердің тез пайда болуы

 

Диагностикасы

Әдетте, зертханалық зерттеулер аурудың бар-жоғын тез анықтап, себебін анықтауға мүмкіндік береді.

 

Емі

Емі ағзадағы кортизонның артық болуы себебіне байланысты. Синтетикалық гормондармен емдеу кезінде препараттың мөлшерін азайту симптомдарды бақылауға көмектеседі. Егер ауруды ісік тудырған болса, хирургиялық араласу немесе басқа да емдеу шаралары қажет болуы мүмкін.

 

Аударған: Дүйсенова Жаңылсын Бекқалиқызы

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.