Инфекционды эндокардит (Эндокардит)
Анықтамасы
Себептері
Симптомдары
Диагностикасы
Емі
Ағымы
Дәрігерге қашан қаралу керек
Профилактикасы
Инфекционды эндокардит немесе Эндокардит– жүректің қақпақшалары мен камераларының ішкі қабығының инфекциясы.
Себептері
Эндокардит жүрек бұлшықетін, қақпақшаларын, қабығын зақымдауы мүмкін. Көптеген жағдайларда эндокардиттен келесісанаттағы адамдар зардап шегеді:
- Жүрек дефектісі бар адамдар
- Жүрек қақпақшалары зақымданса немесе аномальды болса
- Эндокардитпен бұрын ауырғандар
- Жүрек қақпақшалары ауыстырылған науқастар
- эндокардит әртүрлі бактериялар қан ағымына түскенде және содан кейін жүрекке жеткенде дамиды. Бактериялық инфекция – эндокардиттің ең жиі кездесетін түрі болып табылады. Ауруды саңырауқұлақтар да, мысалы, Candida саңырауқұлағы тудыруы мүмкін.
Кейбір жағдайларда эндокардиттің себебі белгісіз.
Бактериялар жиі адамның қан айналымына енеді:
- Веналық катетеризация
- Инъекцияны қажет ететін дәрілік заттарды қолдану. Стерильді емес инелерді қолданғанда
- Стоматологиялық операция жасалғаннан кейін
- Басқа да хирургиялық операциялар немесе тыныс алу жолдары мен зәр шығару жолдарының кішігірім процедуралары кезінде, тері немесе сүйек пен бұлшықеттердің инфекциялық зақымдануында
Симптомдары
Эндокардиттің симптомдары кенеттен пайда болуы мүмкін немесе біртіндеп дамуы мүмкін. Аурудың ең классикалық белгілері: жоғарғы температура, қалтырау, терлеу.
Кейде бұл симптомдар басқа да симптомдары пайда болғанға дейін бірнеше күн бойы жалғасуы мүмкін. Кейде симптомдар көрініп, кенеттен жоғалып кетуі мүмкін, көбінесе түнде пайда болады. Сондай-ақ, ауру белгілері жалпы әлсіздік, шаршау, бұлшықеттер мен буындардағы ауырсынумен бірге жүруі мүмкін.
Басқа да симптомдарына жатады:
- Тырнақ астындағы тері аймағындағы қан кету (қан кету тырнақтың негізінде)
- Аяқ буындарындағы және табандағы (Джейнвей жарасы) қызыл ауырсынбайтын дақтар
- Аяқ-қол саусақтарының жастықшаларында орналасқан қызыл, басқанда ауру тудыратын түйіндер (Ослер түйіндері)
- Физикалық белсенділік кезіндегі ентігу
- Аяқтың, табанның, іштің ісіну
Диагностикасы
Қарап тексеру кезінде дәрігер жүректегі жаңа шуды анықтауы мүмкін немесе жүректің бұрынғы шуларынан өзгеріс байқайды.
Көзді зерттегенде торлы қабыққа қан құйылғанын анықтауға болады. Көздің немесе қабақтың үстінде кішкентай нүктелі қанқұйылулар анықталуы мүмкін.
Диагностикалық тесттерге мыналар жатады:
- Қан себіндісінің анализі - инфекцияны тудыратын бактерияларды немесе саңырауқұлықты анықтауға көмектеседі
- Жалпы қан анализі, C-реактивті белок (СРБ) немесе эритроциттердің тұну жылдамдығы (ЭТЖ)
- Жүрек клапандарының жағдайы туралы көбірек ақпарат беретін тұрақты кардиограммалар немесе өңеш арқылы эхокардиография
Емі
Аурудан алғаш рет зардап шегетін науқасқа тамырішілік антибиотик енгізу үшін госпитализация қажет. Қан талдауы дәрігерлерге аурумен күресте ең жақсы антибиотикті таңдауға көмектеседі.
Эндокардитпен ауыратын науқастар ұзақ уақыт бойы антибиотиктермен емделу керек. Әдетте, жүрек камераларындағы және қақпақшаларындағы бактериядан толықтай құтылу үшін 4-6 апта керек.
Ауруханада басталған антибиотиктермен емдеуді, шығарған кейін үйде жалғастыру керек.
Хирургиялық араласуқажет, егер:
- Инфекция инсультке әкелетін жолмен таралатын болса, бұл бактериялық ұйындылар миға түскен кезде пайда болады.
- Жүрек қақпақшаларының зақымдануынанжүрек жетіспеушілігін дамыса
- Мүшелердің аса ауыр зақымдануларының белгілері болса
Ағымы
Эндокардитте дер кезінде медициналық көмек көрсетілсе, сауығу мүмкіндігі айтарлықтай жоғарылайды.
Аса күрделі қиындықтар туындауы мүмкін, оларға мыналар жатады:
- Ми абсцессі
- Жүрек жеткіліксіздігіне әкелетін, жүрек қақпақшаларының зақымдануы
- Инфекцияның басқа мүшелерге жайылуы
- Миға кішкентай үзілген бактериялардың ұйындысының түсуінен шақырылған инсульт
Дәрігерге қашан қаралу керек
Эндокардиттен емделгеннен кейін келесі симптомдарды байқасаңыз, дәрігерге қаралыңыз:
- Зәрде қан болса
- Кеудедегі ауыру сезімі
- Шаршағыштық
- Дене температурасының көтерілуі
- Аяқ-қолдардың ұюы
- Әлсіздік
- Салмақ жоғалту
Профилактикасы
Эндокардиттің пайда болу қаупі жоғары адамдарға алдын ала антибиотиктер қабылдау керек. Жоғарғы қауіп-қатер тобына мынандай адамдар кіреді:
- Жүректің туа пайда болған дефектілерімен
- Жүрек трансплантаттарымен жәнежүрек қақпақшаларындағы қиындықтармен
- Жасанды жүрек қақпақшаларымен
- Бұрын эндокардитпен ауырғандар
Науқастардың бұл тобы келесі жағдайларда профилактикалық антибиотиктерді қабылдауы керек:
- Олар ауыз қуысынан қан кетуге әкелетін, стоматалогиялық араласуға ұшыраса
- Олар тыныс алу жолдарыныңаймағындағымедициналық араласуға ұшыраса
- Олар несепшығару каналының аймағындағы медициналық араласуға ұшыраса
- Олар асқазан-ішек жолдарының аймағындағы медициналық араласуға ұшыраса
- Жұқпалы тері мен жұмсақ тінніңинфекциялықзақымдануына байланысты медициналық араласуға ұшыраса
Дүйсенова Жаңылсын Бекқалиқызы