Инфекциялық артрит
Инфекциялық артрит (син.іріңді артрит,септикалық артрит) деп – әр түрлі микроорганизмдермен шақырылғанбір немесе бірнеше буынның ауыр қабынуы. Егер оны тез арада емдемесе буынның қайтымсыз бұзылыстарына алып келуі мүмкін.
Себебі.
Инфекциялық артритті әр түрлі микроорганизмдер шақырады.Бұл вирустар,бактериялар немесе саңырауқұлақтар болуы мүмкін.Жарақат немесе хирургиляқ операциялар нәтижесінде түскен микроорганизмдер буынға қан арқылы келіп зақымдайды.
Симптомдары.
- артриттің симптомдарына жергілікті зақымдалған аймақтың ісінуі,қызаруы және басқан кезде ауырсынудың болуы жатады, ал жалпы белгілеріне дене температурасының жоғарлауы,қалтырау, барлық денеде ауырсынуды сезу сезімдері пайда болады.Активті және пассивті қимылдағанда науқас ауырсынуды сезеді.Көбінесе тізе,иық,мықын аралық және ұсақ буындардан білезік,табан буындары зақымдалады.Нашақорларда ерекшелігі сегізкөз-мықын буындарының зақымдалуы болады.
Емі.
- тек ауруханада жүргізіледі. Ең алдымен режим,одан кейін зақымдалған аймақта қимылды шектеу (иммобилизация) үшін шина тағылады.Белок пен витаминге бай диета тағайындалады.Инфекцияның түріне байланысты антибиотиктер қарастырылған.
Аударған: Мелис Айбек
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.