Инфекциялық мононуклеоз
Анықтамасы
Симптомдары
Емі
Инфекциялық мононуклеоз немесе бездік қызба, сүйісу ауруы – көптеген жағдайда Эпштейн-Барр вирусымен туындаған инфекция болып табылады. Бұл вирус сілекей арқылы таралады, сондықтан кейде «сүйісу ауруы» деп аталады.
Мононуклеоз жастар мен жасөспірімдерде өте жиі кездеседі. Дегенмен, кез кезген жаста ауруға шалдығу мүмкін.
Симптомдары:
- Қызу
- Тамақтағы ауыру сезімі
- Лимфа түйіндерінің ұлғаюы
- Кейбір жағдайларда көкбауырдың ұлғаюы байқалады. Аурудың ауыр асқынулары өте сирек кездеседі.
- Мононуклеоз қан талдауыарқылы анықталуымүмкін. Адамдардың көпшілігі бір-екі апта ішінде емделеді. Дегенмен, сауыққаннан кейін бірнеше ай бойы әлсіздік болуы мүмкін.
Емі
Емі аурудың белгілерін жоюға негізделген және ауырсынуды азайтуға, дене қызуын түсіруге көмектесетін дәрілерді қабылдауды қамтиды. Емдеу үшін, сондай-ақ, тамақты жылы тұзды ерітіндімен шаю қолданылады және демалыс пен көп мөлшерде сұйықтық қабылау керек.
Дүйсенова Жаңылсын Бекқалиқызы