.

Ішектердің қабыну синдромы | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Ішектердің қабыну синдромы

Бұл не? Ішектердің қабыну синдромы – екі негізгі ауруды қамтиды: спецификалық емес жаралы колит (тоқ ішекті зақымдайтын) және Крон ауруы (барлық бөлікке таралатын, көбінесе асқазан- ішек жолдарын зақымдайды; ауыз қуысынан сытққы өтіс тесігіне дейін).Айырмашылықтары – ішектің шырышты қабатында лимфоцитарлы гранулема-конгломерат табылады, бұл тек Крон ауруына тән.

Ішектің қабыну ауруларының симптомдары іш аймағындағы ауырсыну, жиі диарея – қан немесе ірің аралас, қалтырау, дене салмағының төмендеуі, шаршағыштық болып табылады.

Аурудың ағымы әлсіз немесе ауыр өтуі мүмкін және өршу немесе ремиссия (симптомсыз) фазаларында кездеседі. Крон ауруы мен жаралы колитпен ауыратын науқастарды ауруханаға жатқызуға тура келеді.

Емі аурудың ауырлық дәрежесіне және науқастың жасына байланысты жүргізіледі. Еміне мынадай дәр-дәрмектер қолданылады: кортикостероидтар, өндірістік аминосалицил қышқылы, дәрумендер, жоғарғы ақуызды диета. Ауыр жағдайда қан кетумен қабаттасады, сол кезде зақымдалған тоқ ішектің бөлігі операциялық жолмен алып тасталынады.

Аударған: Бердібек Ағабек

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.