.

Ішектің түйнелісі (бітелуі) | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Ішектің түйнелісі (бітелуі)

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Болжамы

Мүмкін асқынулары

Қашан дәрігерге көріну қажет

Профилактика

Синонимдары

 

Жалпы ақпарат

Өңеш, асқазан, аш және тоқ ішек, бауыр, өтқабы және ұйқыбезі тағамның қоректік бөліктерін энергияға айналдырады және қоректік емес бөліктерін қалдықтарға ыдыратады, қалдықтар организмнен сыртқа шығарылады. Ішектің түйнелісі – ішектің бойымен тағамның өтуінің толықтай немесе ішінара тоқтауы.

 

Себептері

Ішек түйнелісінің пайда болу себептері:

  • Механикалық себептер, бұл кезде ішектің белгілі бір бөлігінде кедергі тұрады
  • Динамикалық себептер – бұл кезде ішек дұрыс жұмыс істемейді, бірақ, оның механикалық себептері болмайды.

 

Ішектің динамикалық түйнелісі – жалған бітеліс деп те аталады, бұл балаларда кездесетін түйнелістің негізгі түрі. Бұл жағдайдың даму себептері:

  • Ішек инфекциясын туындататын бактериялар немесе вирустар (гастроэнтерит)
  • Химиялық, электролиттік, немесе минералдық үйлесімсіздік (мысалы, калий деңгейінің төмендеуі)
  • Іш қуысы ағзаларындағы оперативтік араласудан кейінгі асқынулар
  • Ішектің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы (шажырқайдың ишемиясы)
  • Іш қуысы ағзаларындағы инфекциялық аурулар, мысалы, аппендицит
  • Бүйректің немесе өкпенің аурулары
  • Кейбір дәрілік препараттарды қабылдау, әсіресе, есірткілік.

 

Ішектің механикалық түйнелісінің себептері:

  • Операциялық араласудан кейін пайда болатын жабыспалар немесе тыртықтар.
  • Бөгде заттектер (ішекті бітейтін түрлі жұтып қойған заттар)
  • Өт тастары (сирек)
  • Жарықтар
  • Қатты нәжіс
  • Инвагинация (ішектің бір бөлігінің басқасына енуі)
  • Ішекті бітейтін ісіктер
  • Ішектің қайырылуы

 

Симптомдары

  • Іштің кебуі

  • Толып кету сезімі, желденудің артуы

  • Іштің ауырсынуы және түйілуі

  • Ауыздан жағымсыз иіс шығуы

  • Іштің қатуы

  • Диарея

  • Жел шығара алмау

  • Құсу  

 

Диагностика

Іш аумағын тексергенде дәрігер іштің кебуін, ауырсынуын немесе жарықтарды анықтайды.

Ішектің түйнелісін анықтайтын тексерістер:

  • Іш қуысы ағзаларының компьютерлік томографиясы (КТ)
  • Іш қуысы ағзаларының шолу рентгенографиясы
  • Барийлік заттекпен клизма жасау
  • Өңешті, асқазанды және аш ішекті зерттеу үшін рентгенологиялық суреттердің топтамасы   
     

Емдеу

Іштің кебуінің симптомдарының алдын алу және құсықты жою үшін арнайы түтік (зондты) мұрын арқылы асқазанға немесе ішекке енгізіледі.  

Тоқ ішектің қайырылуында тік ішекке түтікті енгізу арқылы көмек көрсетіледі.

Зонд енгізу симптомдарды жеңілдетпеген жағдайда немесе тіндердің жойылуының белгілері пайда болса, ішектің түйнелісін туындататын кедергілерді жою үшін оперативтік араласу қажет болуы мүмкін.

 

Болжамы

Ішектің түйнелісінің пайда болу себебіне баланысты. Көпшілік жағдайда бұл себептер жеңіл емделеді.

 

Мүмкін асқынулары

Асқынулар апаруы мүмкін:

  • Электролиттік (химиялық және минералдық) үйлесімсіздікке
  • Сусыздануға
  • Ішектегі саңылаудың пайда пайда болуына (перфорация)
  • Жұқпалануға
  • Сары ауруға (тері мен көздің ағының сарғаюы).

 

Егер кедергі ішектің қанмен қамтамасыз етілуін бітесе, бұл жұқпаланса және тіндердің тіршілігін жоюға (гангренаға) апарады. Тіндердің жойылу қаупі оның бітелуінің себебімен және бітелу ұзақтығымен байланысты. Жарықта, ішектің қайырылуында, қынапталуында гангренаның даму қаупі жоғары.

Жаңа туған сәбилердегі ішектің қабырғасын бұзатын ішек түйнелісі (некроздық энтероколит) өмірге қауіп  төндіреді және қан мен өкпенің жұқпалануына апарады.

 

Қашан дәрігерге көріну қажет

Келесі жағдайларда дәрігерге көріну қажет:

  • Ішекті босатып, желін шығара алмайсыз
  • Ұзақ уақыт бойы кетпейтін іштің кебуі
  • Құсу сақталады

 

Алдын алу

Алдын алу ауруды туындатқан себептерге байланысты. Ісік және жарық секілді ауруларды емдеу бітелістің пайда болу қаупін азайтады.

Бітелістің кейбір себептерінің алдын алуға болады.

 

Синонимдары

Параличтік түйнек; Ішектің қайырлуы; ішектің түйнелісі; ішектің жалған бітелісі.

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.