Иықта шерту, нәлім, шықырлау ауру сезімнің болуы
Шерту, нәлім, шықырлау ауру сезімі қолды бүгу кезінде пайда болады. Бұл негізінен қатты қауіпті емес, бірақ адамдың мазасыздануына әкеледі.
Жарақат кезінде иықта шерту, нәлім, шықырлау пайда болуына әкеледі:
- Буын қапшығының қабынуына тән буын аймағында сүйектің, сіңірдің, терінің жұқаруы.
- Сүйекпен байланыстырушы жіп тәрізді және иілгіш бұлшықеттердің қабынуы.
- Сүйектің сынуы.
- Иықтың айырылуы – бұғананың ұшы мен жауырын байланысатын буынның жыртылуы. Бұл жарақат иықтан соққы алғанда, иыққа құлағанда, немесе қолдың білезік бөлігін немесе барлық бөлігін созып алғанда пайда болады.
- Қалыпты орнынан тайып кету немесе сүйекті басу кезінде иық жоғары қарай орын ауыстырады.
Егер шерту, нәлім кезінде ауырсыну болмайтын болса, онда буында қалыптыдан шығып кетті, бірақ бүтіндігі сақталған деген сөз. Шықырлау буынның шығуында және артритте, бурситте, айналамалы бұлшықеттің жыртылуына да пайда болады. Егер шерту, нәлім, шықырлау симптомдары жоқ болса, онда үй жағдайында емделуге болады.
Дер кезінде емделу – асқынудың алдын алады және тез жазылуға септігін тигізеді.
Аударған: Бердібек Ағабек
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.