.

Кекештену | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Кекештену

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Үшкірбасты кондилома

Себептері

Симптомдар

Диагностика

Емі

Болжамы

Асқынулар

Дәрігерге қашан қаралу керек?

Профилактика

 

Жалпы ақпарат

Кекештену – адамның дыбыстарды, буындарды, сөздерді немесе сөйлемдерді еріксіз қайталануымен көрінетін, сөйлеу бұзылысы. Бұл жағдайда сөйлеу кезінде еріксіз тоқтаулар пайда болады (сөйлеу жылдамдығының жоғалуы).

 

Себептері

Бұл ауру 2-5 жастар арасындағы балалардың шамамен 5%кездеседі (20 бала ішінен 1 бала). Бұл жағдай бірнеше аптадан бірнеше жылға дейін созылу мүмкін.

Кейбір балаларда (1% дейін) кекештену жоғалмай ары қарай даму мүмкін. Бұл кекештену түрі баланың дамуының бұзылысмен байланысты.

Кекештену тұқымқуалайды. Кекештену шақыратын гендер анықталған.

Кекештену тағы да бас миының зақымдануы кезінде пайда болады деген дәлел бар.

Өте сирек эмоциональды жарақаттардан кейін даму мүмкін (психогенді кекештену).

Кекештену көбінесе ұл балаларда жиі таралған. Және ересектер арасында да ол көбінесе ер адамдарда сақталады.

 

Симптомдар

Кекештену дауыссыз дыбыстардың (к, г, т.) қайталануымен басаталады. Егер кекештену дамыса, онда адам сөздер мен сөз тіркестерін қайталау мүмкін.

Кейін сөйлеу спазмдары даму мүмкін. Ол адам бірнәрсе айтар алдында пайда болатын өте қатты дыбыстар. Соның әсерінен адам бірнәрсені қиындықпен айтып жатқанына ұқсайды.

Мазалану және тынышсыздану бұл жағдайды ауырлату мүмкін.

 

Кекештену симптомдары:

  • Сөйлеуге тырысқан кездегі түңілу сезімі
  • Сөйлер алдында еріксіз тоқтаулар немесе қайталанулар кезінде ұялу сезімі.
  • Қосымша дыбыстарды, сөздерді қолдану (“Біз мм... магазинге... Ккеттік”)
  • Дыбыстарды, сөздерді, сөйлемдерді қайталау (“Маған өзімнің... Маған өзімнің ойыншығым керек”, “Мен.. Мен көріп тұрм..”, немесе “мүмкін мүмкін мүмкін істей аласыз”)
  • Дауысында кернеулік
  • Сөздерде өте ұзын дыбыстар (“Мен – Бууобббби Дджонспым”)

Кекештену кезінде пайда болатын қосымша белгілер:

  • Көзбен жыпылықтау
  • Бастын немесе дененің жыбырлауы
  • Жақтың жыбырлауы

Жеңіл кекештенуі бар балалар әдетте оны байқамайды. Ауыр жағдайларда олар өздерінің ауруын бар екенін біледі. Осындай адамдарға сөз бергенде, олардың бетінде және бұлшықеттерінде еріксіз қозғалыстар, мазасыздану сезімі, кекештену қаттырақ көріне бастайды.

Кейбір кекештейтін адамдар кітапті дауыстап оқығанда немесе ән айтқанда, кекештену жоқ болып кететінің айтады.

 

Диагностика

Арнайы диагностиканы қажет етпейді. Диагностика үшін арнайы маман (логопед) консультациясы қажет болады.

 

Емі

Кекештенудің емі жоқ. Ерте симптомдары ұзақ болмайды және өз бетімен жоқ болып кетеді.

Логопедтің консультациясы мына жағдайларда керек болады:

  • Кекештену 3-6 айдан көп немесе сөйлеуі бірнеше секундқа “тоқтайды”
  • Бала кекештенумен күрескені байқалады немесе ұялады
  • Отбасыда кекештену жағдайлары байқалады

Логопед балаға тез немесе бірқалыпты сөйлеуге, ұялмауға үйретеді.

 

Ата-аналарға кеңес:

  • Кекештенуге қатты маза бермеңіз, ол жағдайды асқындыру мүмкін.
  • Көпшіліктің алдыңда шиелініскен жағдайға түсірмеңіз
  • Баланы сабырлы тыңдаңыз, көзбен контакт жасаңыз, оны бөлмеңіз. Өзіңіздің махаббаты мен көзқарасыңызды білдіріңіз. Сөйлемдерді олардың орнына аяқтамаңыз.
  • Әңгімеге қажетті арнайы уақыт бөліп қойыңыз.
  • Баламен ашық түрде оның кекештенуі туралы сөйлесіңіз. Балаға түсіңдіріңіз.
  • Кекештенуді жұмсарту үшін логопедпен ақылдасыңыз.

Медикаментозды ем эффект көрсетпейді. Ол дәлелденген.

Электронды құралдардың кекештенуге қолдануы әлі түсініксіз.

Балаға және отбасыға өзара жәрдем топтары пайдалы.

 

Ауру болжамы

Көптеген балаларда кекештену 3-4 жыл ішінде қалпына келеді. 8-10 жасында пайда болған кекештену, өмір бойы жалғасуы мүмкін.

 

Асқынулар

Кекештенудің мүмкін болатын асқынулары –көпшіліктің алдында сөйлей алмауы, адамдардан мазақтауынан қорқу баланы әңгімелесуден алшақтайды.

 

Дәрігерге қашан қаралу керек?

Мына жағдайларда дәрігерге қаралыңыз:

  • Кекештену оқу үдерісіне немесе баланың эмоциональды дамуына кедергі жасайды.
  • Әңгіме кезінде бала мазасыз немесе ұялшақ
  • Симптомдар 3-6 айдан астам созылып жатыр

 

Профилактика

Кекештенудің профилактикасы жоқ.

 

 

Аударған: Қартанбаев Бақберген Батырбекұлы

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.