Кеуде торындағы ауру сезімі
Кеуде торындағы ауру сезімі деп - кеуде қуысын құрайтын бұлшық еттерде,сүйектерде және шеміршектерде болатын ауру сезімін айтады. Бұл ауру сезімі кеуденің арнайы бір бөлігінде болады және сол жерге қысым түскенде ауру сезімі арта түседі.
Кеуде торындағы ауру сезімі көптеген себептерден болады,соның ішінде:
- · Жарақат алу ( мысалы төске қатты соққы алғанда)
- · Ұзаққа созылған жөтел төстегі бұлшық еттерді созып ауру сезімін тудырады.
- · Қабырғалардағы шеміршектің қабынуы (қабырғалық хондрит)
- · Пнемония немесе өкпе тамырларында тромбтың тұрып қалуы
Емі. Ауру сезімін туындатқан себебіне байланысты емі қарастырылады.Әлсіз ауру сезімі кезінде жай ғана тыныштық қалпында жатып, ауырған аймаққа мұз басылады және стероидты емес қабынуға қарсы препараттар қолданылады.Егер ауру сезімі жөтелдің нәтижесінде болса онда жөтел басылған соң ауру сезімі қайту керек, егер ауру сезімі қайтпаса онда міндетті түрде дәрігерге қаралған дұрыс.
Аударған: Мелис Айбек