Көмейдің стрептококктық қабынуы
Көпшілік фарингиттердің себебі – вирус. Фарингит өздігінше, медициналық жәрдемсіз өтеді. Алайда, фарингит көмейдің стрептококктық қабынуының - бактериядан туындаған – бактериалдық жұқпаланудың симптомы болуы мүмкін.
Фарингит 3-15 жас аралығындағы балаларда жиі кездеседі, дегенмен, кез келген жаста пайда болуы мүмкін. Көмейдің стрептококктық қабынуының симптомдары – фарингит, келесілердің қосарлануымен:
· Қызба 38.3°C және одан жоғары.
· Жұтуда күшейетін ауырсыну.
· Жұтудағы қиындық.
· Көмейдің артқы жағындағы және бадамшабездегі ақ немесе сары дақ немесе өзең.
· Мойынның лимфа түйіндерінің ісінуі.
Көмейдің стрептококктық қабынуының басқа симптомдары - әсіресе, балаларда, дененің жалпы ауырсынуы, бас ауыруы, асқазандағы ауырсыну, жүрек айнуы, құсу немесе енжарлық. Әдетте, көмейдің стрептококктық қабынуы суық тию симптомдарында пайда болмайды, мысалы, түшкіруде, мұрын ағуында немесе бітелуінде, немесе жөтелде. Жалпы, суық тию симптомдары көп болған сайын бұл фарингит көмейдің стрептококктық қабынуы екендігінің ықтималдығы азырақ. Көмейдің стрептококктық қабынуы экспресс-тестінің көмегімен немесе көмейден алынған жұғындының зерттеумен ғана сенімді анықталады.
Көпшілік жағдайларда көмейдің стрептококктық қабынуы онымен зақымданған адаммен қатынаста берілмейді. Алайда, оның симптомдарын бақылау маңызды. Фарингит пайда болса, оның стрептококктық ауруы бар адаммен қатынастан кейін көмейдің стрептококктық қабынуына өту ықтималдығы болады.
Стрептококктық қабыну бөріткенмен болғанда скарлатина (жәншау) аталады. Байқалатын симптомдары кедір-бұдырлы, қызыл бөріткен, қырғыш қағазға ұқсас келеді. бөріткен кеуде мен іште пайда болады, содан кейін 24 сағат ішінде дененің басқа бөлігіне таралады. Бөріткен және қызару тері қыртысында жақсы көрінеді, әсірес, шаптың аумағында, қолтық астында және шынтақ бүгілісінде. Қызба мен фарингит әдетте, бөріткеннің пайда болуының алдында пайда болады. Бөріткен біртіндеп аптаның ішінде жойылады, тері қабыршақтана бастайды.
Көмейдің стрептококктық қабынуын анықтағанда әдетте, ревматизмнің алдын алу мақсатында антибиотиктер тағайындалады, ол көмейдің стрептококктық қабынуының асқынуы болуы мүмкін. Ревматизм жүректің, буынның, ми мен терінің мәселелерінің себебі болуы мүмкін. Антибиотиктер ревматизмнің алдын алуы мүмкін, оларды көмейдің стрептококктық қабынуы басталғаннан 9 күн ішінде қолданған жағдайда.