.

Кортикостероидтар | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Кортикостероидтар

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Кортикостероидтарды тағайындауға көрсетімдер

Жанама әсерлері

 

Жалпы ақпарат

Кортикостероидтар –бірқатар ауруларды емдеуде қолданылатын дәрілік препараттар. Бұл препараттар күйзеліске,жарақатқа байланысты туындаған ауруларға жауап ретінде бүйрек үсті безінде өндірілетін гормондарға ұқсайды. Олардың әсер ету механизмі қабынуды азайтуымен және иммундық жүйеге әсер етуімен байланысты.

 

Кортикостероидтарды тағайындауға көрсетімдер

Кортикостероид келесі ауруларды емдеуде қолданылады:

  • Артрит
  • Бронхы демікпесі (астма)
  • Аутоиммундық аурулар, мысалы, жүйелі қызылжегі және шашыраңқы склероз
  • Тері аурулары, мысалы, экзема және бөріткен
  • Қатерлі ісіктің кейбір түрлері

 

Жанама әсерлері

Кортикостероидтар –бұл күшті дәрілік препараттар, оларды қабылдағанда жанама әсерлері пайда болуы мүмкін, мысалы, остеопороз (сүйектің әлсіздігі) және катаракта. Сондықтан, мүмкіндігінше, олар қысқа мерзімге тағайындалады. 

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.