.

Ас қорыту жолдарының инфекциялары | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Ас қорыту жолдарының инфекциялары

Мазмұны

Жалпы ақпарат

 Симптомдары

 

Жалпы ақпарат

Гастроэнтерит – бұл вирустардың, бактериялардың немесе паразиттердің салдарынан ішектің сілемей қабатының қабынуы. Вирусты гастроэнтерит көптеген елдерде аталған аурулардың ішінде екінші орында. Жиі себебі - норовирустық инфекция. Ауру вируспен ластанған тамақ немесе су арқылы, сондай-ақ, жұқпаланған адаммен қатынаста таралады. Ең жақсы алдын алу – қолды жиі жуу.

 

 

Ас қорыту жолдарының ағзалары

 

Симптомдары

Гастроэнтериттің симптомдары – іштегі ауырсыну, құсу, бас ауыруы, қызба және қалтырау. Көпшілік жағдайларда сауығу емдеусіз өтіп жатады.

Гастроэнтеритте кең таралған мәселе – сусыздану. Ол құсу мен іш өтуінде жоғалтылған сұйықтықтың орнын толықтыру үшін сұйықтықты жеткілікті ішпеуде пайда болады.  Сусыздану кішкентай балалардың, егде жастағы және иммундық жүйесі әлсіз адамдардың арасында кең тараған.

 

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.