Көздің жарақаттары
Мазмұны
Жалпы ақпарат
Көз – сфера тәрізді көру ағзасы. Ол сұйықтыққа толы. Аққабықтан, мөлдірқабықтан тұратын көздің сыртқы қабаты қорғаныс қызметін атқарады. Көздің ортаңғы қабаты тамырлардан тұрады. Ішкі қабаты (торқабық) нервтерден және жарық-түске сезімтал жалғамдардан тұрады. Сондай-ақ, мөлдірқабықтың артында орналасқан нұрлы қабық бар, ол –жұқа қозғалмалы пластина, ортасында қарашық аталатын дөңгелек ойығы бар. Оның артында қарақ (көз бұршағы) орналасқан, ол – линза түріндегі мөлдір созылмалы дене, оның басты қызметі – жарықты сындыру. Конъюнктива – қабақтың ішкі бөлігін жауып тұратын сілемей қабығы.
Біздің көзіміздің құрылысы көзді жарақаттан қорғауға көмектеседі. Дегенмен, жарақаттар көздің зақымдануына апаруы мүмкін; кейде олар күрделі болып, көруді жоғалтуға апаруы мүмкін. Көптеген жарақаттардың алдын алуға болады. Спортпен айналысуда немесе белгілі бір мамандықта жұмыс істеуде көздің арнайы қорғанысы қажет болады.
Жарақаттардың себептері
Көздің жиі кездесетін жарақаты көздің сыртқы қабығының тітіркенуінде пайда болды. Мұндай жарақаттар өнеркәсіп кәсіпорындарында немесе ұсталық өнімдермен жұмыс істеуде жиі пайда болады. Сондай-ақ, олар контактілік линзаларды кигенде пайда болуы мүмкін.
Химиялық заттектердің әсерінде немесе күшті жылу әсерінде көздің күйігі орын алуы мүмкін. Химиялық заттектер түскенде көзді жұмуға душар ететін ауырсыну пайда болады. Бұл көзге тітіркендіргіштің үлкен көлемінің түсуіне ықпал етіп, көбірек зиян келтіруі мүмкін. Жедел жәрдемді күткен кезде көзді сумен мұқият шаю қажет.