.

Көзге бөгде заттың түсуі | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Көзге бөгде заттың түсуі

Көзге түсетін бөгде заттардың көпшілігі (нысандар) – топырақ, кірпік немесе киімнің қылдары секілді шағын бөлшектер. Қауіптісі – металдың бөлшектері немесе басқа нысандар, көзге үлкен жылдамдықпен түсетін. Олар механикалық аспаптардан, газоншапқыштан немесе қарудан ұшқан заттар болуы мүмкін. Олар күрделі жарақат туындатуы мүмкін.

Көздің жарақаты қан кетуінқарашықтың өлшемінің өзгеруін, көзбұршақтың бұлыңғырлануын, көрудің нашарлауын немесе көрудің өзгеруін туындатуы мүмкін. Бөгде заттар көзге терең енуі мүмкін. Мұндайда оларды қозғамау қажет. Оларды көз маманы алуы тиіс (офтальмолог).

Шағын өлшемді нысандарды алып тастау үшін не істеу қажет? Алдымен, көзді сүртуге болмайды. Қолды мұқият жуу қажет. Жақсы жарықта көзді мұқият қарау қажет. Егер нысан көзде көрінсе, оны сумен шаюға болады. нысан жоғарғы немесе төменгі қабақта болуы мүмкін. Мұндайда қабақты ашып тұрып, мақта тығынды қолданумен қабақ астынан затты абайлап алып тастауға болады. көздің үстінен заттарды алып тастауға мақта тығынды қолдануға болмайды.

Егер бөгде затты көзден үй жағдайында алып тастауға келмесе, көзді таза таңғышпен жауып (көзді қыспаңыз), дәрігерге көріну қажет. Егер бөгде затты алып тастасаңыз, бірақ, біраздан кейін көзде бірнәрсе қалғандай сезім пайда болса, мөлдірқабық зақымдануы мүмкін. Бұл жағдайда дәрігерге міндетті түрде бару қажет.

Көзге енген заттарды алып тастау үшін не істеу қажет?  Затты көзде қалдыру қажет, оны ҚОЗҒАУҒА БОЛМАЙДЫ. Көзді  таза таңғышпен жауып (көзді қыспаңыз), шұғыл түрде дәрігерге көріну қажет.

 
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.