.

Ксерофтальмия | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Ксерофтальмия

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Болжамы

Мүмкін асқынулары

Қашан дәрігерге көріну қажет

Алдын алу

 

Жалпы ақпарат

Көз жасы көздің ылғалдануы және көзден бөгде заттарды шаю үшін қажет. Көздің сау пленкасы көрудің жақсы болуы үшін қажет.

Егер көзде көз жасының өндірілуі қалыпты болмаса,  ксерофтальмия дамиды.

Мөлдірқабық  – бұл көздің алдыңғы бөлігін жауып тұратын мөлдір қабықша. Мөлдірқабық торқабықта бейнені фокустау үшін көзбұршақпен бірге қызмет етеді. 

 

Себептері

Ксерофтальмия әдетте, сау адамдарда кездеседі. Жас өскенде жиі кездеседі. Гормондық өзгерістердің салдарынан көз жасының өндірілуі азайғанда пайда болуы мүмкін.

Ксерофтальмияның таралуының басқа себептері:

  • Қоршаған ортаның немесе жұмыс орнының ауасының құрғақтығы (жел, кондиционер)
  • Күн сәулесінің әсері
  • Темекі шегудің немесе темекі түтінімен тыныс алу әсері
  • Суық тиюден немесе аллергиядан препараттар

Сондай-ақ, аурудың пайда болуының шартталуы:

  • Қызу немесе химиялық күйіктен
  • Алдындағы көздің хирургиялық емдеуі
  • Сирек аутоиммундық ауру – Шегрен синдромы, бұл кезде көз жасын өндіретін бездер бұзылысқа ұшырайды.

 

Симптомдары

Аурудың симптомдарына жататындар:

  • Көрудің бұлдырауы
  • Көздің қышуы, қызаруы, ашу сезімі
  • Көздегі шаншу немесе құм түсу сезімі
  • Жарыққа сезімталдық

 

Диагностика

Ауруды анықтау әдістеріне жататындар:

  • Көргіштікті өлшеу (кестелердің көмегімен)
  • Саңылаулы лампаның (көздің көрінетін бөліктері – қабақты, аққабықты, конъюнктиваны, нұрлы қабықты, көзбұршақты, мөлдірқабықты – микроскопиялық талдаудан өткізетін аппарат) көмегімен көзді тексеру
  • Мөлдірқабықты және көз жасының пленкасын диагностикалық бояу
  • Көз жасы пленкасының жарылу уақытын анықтауға тест (ВРСП)
  • Көз жасының өндірілу деңгейін анықтау (Ширмер тесті)
  • Көз сұйықтығының концентрациясын өлшеу (осмолярлықты)

 

Емдеу

Ксерофтальмияны емдеуде, алдымен, көз тамшысы секілді «Жасанды көз жасы» қолданылады. «Жасанды көз жасы» тамшылары сақтауыштармен болуы/болмауы мүмкін. Сақтауыштары бар тамшылар ыңғайлырақ, бірақ, кейбір науқастарда оларға сезімталдық байқалады. Тамшылардың көптеген түрлері бар, олар дәріханада рецептісіз босатылады.

Тамшыларды кемінде, аптасына 2-4 рет қолданыңыз. Егер  тамшыны ұдайы қолданудан бірнеше апта өткенде  симптомдар өтпесе:

  • Тамшыларды жиі қолдануға тырысыңыз (әр 2 сағат сайын)
  • Басқа препаратты қолданып көрініңз
  • Егер өзіңізге жарамды препраратты таңдай алмасаңыз, дәрігермен кеңесіңіз.

 

Емдеудің басқа әдістеріне жататындары:

  • Балық майын күніне 2-3 рет қабылдау
  • Көзде ылғалды сақтайтын, күн сәулесінен қорғайтын көзәйнекті немесе контактілік линзаларды киіп жүру
  • Рестазис, жергілікті кортикостероидтар, тетрациклин және доксициклин секілді дәрілік препараттарды қабылдау
  • Көз жасы түтіктерінде болатын микроскопиялық тығындар, олар көз жасының ағуын және көзді тежейді.

 

Басқа пайдалы кеңестер

  • Темекі шекпеңіз және темекі түтінін жұтудан, жел мен желдеткіштің тіке ағынынан алшақ болыңыз.
  • Ылғалдандырғыш қолданыңыз, әсіресе, қысқы уақытта.
  • Аллергия мен суық тиюден препараттар қабылдауды шектеңіз, олар құрғақтық пен симптомдарды нашарлатуы мүмкін.
  • Әдейілеп кірпігіңізді жиі қағыңыз. Көзге демалыс бермеңіз.
  • Ұдайы кірпікті тазалап, жылы компрессті қолданыңыз.

 

Ксерофтальмияның кейбір симптомдары салдарынан ұйқы кезінде көздер сәл ашылып тұруы мүмкін. Бұл жағдайда жақпа май қолданған дұрыс. Оларды аз мөлшерде қолдану қажет, себебі, көруді нашарлатуы мүмкін. Дұрысында, ұйқы алдында қолданған жөн.

Хирургиялық араласу көмектесе алады, егер симптомдары қабақтың құрылысының дұрыс болмауынан пайда болса.

 

Болжамы

Ксерофтальмияға шалдыққан адамдардың көпшілігі көруді жоғалтпайды, тек жайсыздықты сезінеді.

 

Мүмкін асқынулары

Ауыр жағдайларда көздің мөлдірқабығы зақымдануы немесе жұқпалануы мүмкін.

 

Қашан дәрігерге көріну қажет

Дереу дәрігерге көрініңіз, егер:

  • Көзіңіз қызарса немесе көзде ауырсыну сезімі болса
  • Қабақ қабыршақтанса, көзден бөліністер шықса, немесе көздің немесе қабақтың жаралануы болса
  • Көздің жарақаты, немесе көздің дөңестігі немесе қабақтың түсуі болса.
  • Ксерофтальмия  симптомдарымен бірге буын ауырса, ісіну немесе ауызда құрғақтық сезімі болса.
  • Көздің жағдайы өздігінше емделгеннен кейін бірнеше күн ішінде көздің жағдайы жақсармаса.

 

Алдын алу

Аурудың симптомдарының алдын алу үшін құрғақ жерде болудан және көзді тітіркендіретін заттардан алшақ болу қажет. 

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.