.

Құлақтың құлығы | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Құлақтың құлығы

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Емдеу

Болжамы

Қашан дәрігерге көріну қажет

Синонимдары

 

Жалпы ақпарат

Есту каналы түкті фолликулдардан және құлақтың құлығын өндіретін бездерден тұрады. Құлық әдетте, сыртқа қарай жылжиды және құлақты шайғанда оны тазалауға болады.

Бірақ, құлық жиналып, тығын пайда болуы және есту каналын бітеуі мүмкін. Құлық – естімей қалудың жиі кездесетін себептерінің бірі.

 

Себептері

Құлақ сыртқы, ортаңғы және ішкі бөлімдерден тұрады. Сыртқы құлақ қалқанынан және сыртқы есту каналынан тұрады.

Құлық құлақты қорғайды:

  • Ол құлақты шаң, бактериялар, басқа да микробтар мен ұсақ заттардың түсуінен қорғайды.

  • Құлақ каналының нәзік терісін құлақ каналының сұйықтығынан тітіркенуінен қорғайды.

Кейбір адамдарда бездер құлықты көп өндіреді, және ол құлақтан оңай алынбайды.  Осыдан, құлық құлақ каналында қатайып, оны бітейді. Құлақты тазалау кезінде құлық әрі қарай өтіп, есту каналы тежелуі мүмкін.

 

Симптомдары

  • Құлақтағы ауырсыну

  • Құлақтың толып кетуі немесе естімей қалатындай, бітелу сезімі

  • Құлақтағы шудың естілуі

  • Естуді ішінара жоғалту, ол нашарлауы мүмкін.

 

Емдеу

Көптеген жағдайларда құлықтан үй жағдайында арылуға болады. Оны жұмсарту үшін келесі заттектерді қолдануға болады:

  • Балалар майы
  • Сатылатын тамшылар
  • Глицерин
  • Минералдық май
  • Су

 

Құлықтан арылудың басқа тәсілдері:

  • Дене температурасындағы суды қолданыңыз (суық немесе ыстық су қысқа мерзімдік, бірақ, күшті бас айналуына апаруы мүмкін).

  • Есту каналын түзету үшін басты тік ұстап, құлақтың қалқанын жоғары созыңыз.

  • Шприцті қолданып, судың аздаған ағынын құлақ каналына құлықтың қасына мұқият бағыттау қажет.

  • Су ағуы үшін басты бір жаққа қисайту, оны бірнеше рет орындау қажет.

 

Құлақтың зақымдануын немесе инфекциясын болдырмау үшін:

  • Дыбыс жарғағында саңылау болса, құлақты ешқашан шаймаңыз.
  •  Ауыз қуысын тазалайтын ирригатормен құлақты шаймаңыз.

 

Құлықты алғаннан кейін құлақты мұқият кептіріңіз. Құлақты кептіру үшін шашты кептіретін фенді қолдануға болады, аз қуатын пайдаланып, немесе құлаққа бірнеше тамшы спирт тамызуға болады.

Құлақ каналын саусаққа оралған шүберекпен немесе қағаз салфеткамен тазалауға болады. Құлақты ылғалдандыру және құлықтың кеуіп кетуінің алдын алу үшін минералды май қолданылуы мүмкін.

  • Құлақты тым жиі және қатты тазалауға болмайды. Құлық құлақты қорғайды.
  • Есту каналын қандай да бір затпен, мысалы, мақталы таяқшамен тазалауға тырыспаңыз.

 

Егер құлықты алып тастай алмасаңыз, немесе жайсыздық сезінсеңіз, дәрігерге көрініңіз, ол келесі тәсілдермен құлықты алып тастайды:

  • Ирригациялық (ылғалды) жолмен
  • Есту каналының ішіндегісін сору арқылы
  • Кюретка аталатын аспаппен.
  • Микроскоптың көмегімен.

 

Болжамы

Құлықтар қайтадан пайда болуы мүмкін. Естімеу бұл кезде уақытша болады, әдетте, құлықты алғаннан кейін орнына келеді.

Сирек жағдайда құлықты өздігінше алып тастауға тырысу есту каналындағы инфекцияға немесе дыбыс жарғағының зақымдануына апаруы мүмкін.

Қашан дәрігерге көріну қажет

Құлақтағы құлықты алып тастай алмағанда дәрігерге көріну қажет.

Құлық болғанда келесі симптомдар орын алса, дәрігерге көріну қажет:

  • Құлақтан бөлінді шығуы
  • Құлақтың ауырсынуы
  • Қызба  
  • Құлықты алып тастағаннан кейінгі естімей қалу.

 

Синонимдары

Құлық; құлақтың бітелуі.

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.