.

Қуық асты безінің қатерлі ісігі | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Қуық асты безінің қатерлі ісігі

Қуық асты безінің қатерлі ісігі деп – қуық асты безінің тіндерінің қалыптан тыс өсуін айтамыз. Қуық асты безі – бұл жаңғақ пішіндес, қуықтың астында орналасқан, шәует сұйықтығын өндіретін мүше болып табылады. Қуық асты безінің қатерлі ісігі не себепті дамитынын мамандар әлі нақты айта алмайды, бірақ жасы өскен сайын және отбасы тарихындағы бұл аурудың болуы, осы арумен ауру қаупін жоғарлата түседі. Қуық асты безінің қатерлі ісігі 50 жастан асқан ер адамдарда жиі кездеседі және өлім көрсеткіші жағынан қатерлі ісіктер арасында екінші орынды алады. Қуық асты безі қатерлі ісігінің бастапқы сатыларында, ешқандай симптомдар байқалмайды. Ал егер симптомдар байқалып жатса, олар зәрді өз еркімен шығара алмау немесе зәр ұстамау сияқты, зәр шығару қиындықтары ретінде байқалады. Кей жағдайда, қуық асты безінің қатерлі ісігі бастапқы сатыларында анықталып жатса, ол айтарлықтай емделіп кетеді. Ауруды емдеуде мұқият бақылауда ұстауды, дәрі-дәрмектерді, рентгендік терапияны және операциялық көмектерді қолданады. Аударған: Шардарбек Райымбек

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.