.

Квинке ісінуі (Ангионевротикалық ісіну) | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Квинке ісінуі (Ангионевротикалық ісіну)

 

Ангионевротикалық ісіну немесе Квинке ісінуі – есекжемге ұқсас болып келеді, бірақ Квинке ісігі зақымдалу тереңдегіне байланысты ажыратылады. Ангионевротикалық ісігі кейбір кезде бөртпе шығуынсыз да болуы мүмкін.

Пайда болу себептері:

Квинке ісігі – аллергиялық реакцияның есебінен пайда болуы мүмкін. Аллергиялық реакция кезінде гистамин және тағы сол сияқты химиялық заттар қанағымға босап шығады. Организм гистаминді иммунды жүйе ағзаға жат затты анықтағанда, яғни аллергенді сол сәтте бөледі.

Көп жағдайда ангионевротикалық шоктың пайда болу себебі анықталмайды.

Келесі себептер ангионевротикалық ісіктің пайда болуына әкелуі мүмкін:

  • Жануарлардың түктеріндегі қайызғақ.
  • Судың, күн сәулесінің, суықтың, ыстықтың әсері.
  • Азық-түліктер (жеміс-жидектер, балық, жаңғақтар, жұмыртқа, сүт)
  • Құрт-құмырсқаның, шыбын-шіркейлердің шағуынан.
  • Медициналық препараттар; антибиотиктер, стероидты емес қабынуға қарсы препараттар, қан қысымын тұрақтандырушы дәрілер.
  • Шаң-тозаңдар.

Есекжем мен квинке ісігі – жүйелі қызыл жегі, лейкемия, лимфома сияқты аутоиммунды аурулардан кейін немесе сол кезде пайда болуына да мүмкін.

Ангионевротикалық ісік кейбір түрлері тұқым қуалаушылық жолмен беріледі, сонымен қатар себептеріне, асқынуларына, еміне байланысты айырмашылық болады.

Симптомдары

Аурудың негізгі симптомы – кенеттен пайда болатын терінің беткей қабатының ісінуі. Сонымен қатар терінің беткі қабатында ісіктер мен тыртықтар пайда болуы да мүмкін.

Бірінші кезекте көз айналасының және еріннің ісінуі болады. Сонымен қатар ісіну – қолда, аяқта, тамақта пайда болуы да мүмкін.

Тері бетіндегі тыртықтар мен бөртпелер ауырсынуды және қышынуды тудыруы мүмкін. Бұл симптомдар есекжемге тән. Бөртпелер тітіркенгенде ақ түске енеді. Ауырсыну ангионевротикалық ісіктің теріні зақымдаған тереңдігіне байланысты болады.

Басқа да симптомдар жатады:

  • Іштегі спазм – құрысу, тырысу.
  • Тыныс алудың қиындауы.
  • Ауыз бен көздің ісінуі.
  • Көздің кілегей қабатының ісінуі.

Диагностикасы

Дәрігер пациентті қарап тексеру кезінде теріде пайда болған өзгерістерге байланысты, тітіркендіргіш немесе химиялық заттардың әсерінен болғанын немесе болмағанын сұрауы керек. Сонымен қатар қарап тексеру де ісіну тамақта болатын болса, пациенттің тыныс алуы кезінде қалыптыдан тыс дыбыстар шығуы мүммкін.

Дәрігер сонымен қатар аллергиялық реакцияны байқау үшін қан анализін алуы мүмкін.

Емі

Жеңіл симптомдары кезінде ауруды емдеу қажет етпейді. Ауыр және орташа симптомдары кезінде ауруды емдеу керек.

Квинке ісігімен ауыратын науқастар келесі ережелерді сақтау керек:

  • Ауруды шақыратын кез-келген факторлардан немесе аллергендерден алшақ болғаны жөн.
  • Дәрігеріңіз тағайындамаған дәрілерден, қабылдауға болмайтын азық-түліктерден шектелу керек.
  • Ісік пайда болған жерге суық дәке орамалын басу керек, ауырсынуды төмендету мақсатында.

Ангионевротикалық ісікте қолданылатын дәрілер:

  • Антигистаминдік препараттар.
  • Қабынуға қарсы дәрілер
  • Эпинефринді егу
  • Тыныс алу жолдарын ашатын ингаляциялық дәрілер.
  • Ранитидин.
  • Егер де Квинке ісігі кезінде науқаста тыныс алудың қиындауы болса, тез арада жедел жәрдем шақыру керек, себебі анигиневротикалық ісік тыныс алу жолдарын толық бітеп өмірге қауіп қатер әкелуі мүмкін.

Әдетте тыныс алу жолдарының бітемейтін және симптомдары жеңіл өтетін ангионевроткалық ісіну біірнеше күн ішінде қайтады.

 

Аударған: Бердібек Ағабек

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.