Лабиринтит
Мазмұны
Жалпы ақпарат
Лабиринтит – ішкі құлақтың іріңді немесес іріңсіз қабынуымен сипатталатын ауру.
Құлақ сыртқы, ортаңғы және ішкі бөлімдерден тұрады. Дыбыс жарғақ және үш кішкене сүйектер дыбысты дыбыс жарғақтан құлақ иірімінің алдыңғы жағына өткізеді.
Себептері
Лабиринтит ортаңғы құлақтың жіті немесе көбінесе, созылмалы ауруларында, ортаңғы құлақтың туберкулезінде, жарақат кезінде пайда болады.
Даму жолдарына байланысты ішкі құлақтың қабыну ауруларын тимпаногендік (ортаңғы құлақтан өтетін), менингогендік (менингитте) және гематогендік (басқа ауруларда қабыну ішкі құлаққа қан арқылы беріледі) түрлеріне бөлуге болады.
Сондай-ақ, иірімнің іріңді және іріңсіз зақымдануы болады, ал таралуы бойынша диффуздық (таралған) және шектелген болады.
Келесі факторлар лабиринтиттің пайда болу қаупін арттырады:
- Алкогольдің үлкен мөлшерін қабылдау
- Шаршау
- Аллергия болу тарихы
- Вирустық аурудың, респираторлық инфекциядан кейін
- Құлақтың инфекциясы
- Темекі шегу
- Күйзеліс
- Рецептімен немесе рецептісіз берілетін белгілі бір дәрілерді қолдану (әсіресе, аспирин)
Симптомдары
- Бас айналуы
- Көздің еріксіз қозғалуынан фокустеу қиындығы
- Бір құлақтың естімей қалуы
- Тепе-теңдікті жоғалту, мысалы, бір жағына құлау
- Жүрек айну және құсу
- Құлақтың шыңылдауы
Іріңді лабиринтитте температура артуы мүмкін. Диффуздық іріңді лабиринтитте толық естімей қалу орнайды.
Диагностика
Дәрігер науқастың лабиринтиттің симптомдарына нұсқайтын шағымдарын тыңдап, ауруды анықтайды.
Әдетте, бұл ауруды анықтау үшін арнайы тестілер қажет емес, бірақ, дәрігер келесі науқастан диагностикалық шараларды өтуін сұрауы мүмкін:
- ЭЭГ (электроэнцефалограмма – мидың электрлік белсенділігін зерттеу)
- Электронистагмография (көздің бұлшық еттерінің электрлік белсенділігін зерттеу)
- бастың КТ (компьютерлік томографиясы)
- есту тестілері (аудиология / аудиометрия)
- бастың МРТ (магниттік-резонанстық томографиясы)
Емдеу
Лабиринтит әдетте, емдеу басталғаннан кейін бірнеше аптада өтеді. Емдеу бас айналуы секілді симптомдарды жеңілдетуге көмектеседі.
Емдеу үшін қолданылатын дәрілік препараттар:
- Антигистаминдік (аллергияға қарсы) препараттар
- Жүрек айну мен құсуға қарсы дәрілер
- Бас айналуын жоятын дәрілер
- Ұйқы шақыратын және тыныштандыратын құралдар
Аурудың болжамы
Уақытылы дәрігерге көрінгенде және дұрыс емделгенде болжамы – оң. Ауыр симптомдары аптаның ішінде өтеді. Науқастардың көпшілігі 2-3 ай барысында сауығады. Егде науқастарда бас ауыруы және бас айналуы байқалуы мүмкін. Егер асқынуға жол беріліп, естімей қалу орын алса, есту қалпына келмеуі мүмкін.
Мүмкін асқынулары
- Естімей қалу (аса сирек)
Қашан дәрігерге көріну қажет
Дәрігерге хабарласыңыз, егер:
- Бас айналуы, тепе-теңдікті жоғалту немесе лабиринтиттің басқа симптомдары болса
- Естімей қалсаңыз
Жедел жәрдемді шақырыңыз, егер:
- құрысу болса
- заттар қос болып көрінсе
- естен тану болса
- ұдай қусу болса
- сөйлеу түсініксіз болса
- бас айналуында, әсіресе, 38 ° C-тан асатын температура болса
- әлсіздік немесес салдануда
Алдын алу
Аурудың алдына алудың белгілі әдістері жоқ.