Ларингит
Мазмұны
Ларингит – көмейдің ісінуі және тітіркенуі (қабынуы). Ларингит әдетте, дауыстың қарлығуымен немесе дауысты жоғалтумен қосарланады.
Себептері
Көмейдің (тамақтың) құрылысына өңеш, кеңірдек, көмекей қақпашығы және бадамшабез кіреді.
Көмей кеңірдектің үстіндегі тыныс алу жолдарының жоғарғы бөлігінде орналасқан. Дауыс байламдары көмейдің құрамдас бөлігі. Егер дауыс байламдары қабынса немесе жұқпаланса, олар ісінеді. Бұл дауыстың қарлығуына апаруы мүмкін. Кейде дауыс байламдары тыныс жолдарына ауа ағынын жабуы мүмкін.
Ларингиттің жиі себебі - суық тию немесе тұмаудан болған инфекция. Ол келесі жағдайларман шартталуы мүмкін:
-
Аллергия
-
Бактериалдық инфекция
-
Бронхит
-
Гастроэзофагеалдық рефлюкс ауруы (ГЭРБ)
-
Жарақат
-
Тітіркендіргіштер және химиялық заттектер
-
Пневмония
Ларингит көбінесе, жоғары тыныс алу жолдарының инфекциясымен бірге пайда болады.
Балаларда кездесетін ларингиттің түрлері тыныс алу жолдарының қатерлі –өлім-жітімді бітелуіне апаруы мүмкін. Оған жататандар:
-
қыспақ
-
Эпиглоттит (көмекей қақпашығының қабынуы)
Симптомдары
-
Қызба
-
Дауыстың қарлығуы
-
Мойындағы лимфа түйіндерінің ұлғаюы
Диагностика
Медициналық тексеру кезінде респираторлық инфекциядан болатын дауыстың қарлығуы анықталуы мүмкін.
Бір ай бойы дауысы қарлыққан науқастар (әсіресе, темекі шегушілер) ЛОР-дәрігерге (отоларингологқа) көмейді және жоғарғы тыныс алу жолдарын тексеру үшін көрінуі қажет.
Емдеу
Ларингит вирустан болғандықтан, антибиотиктер көмектеспейді. Емдеуші дәрігер ауруды емдеу әдісі туралы шешім қабылдайды.
Дауысқа демалыс беру дауыс байламдарының қабынуын азайтуға көмектеседі. Ылғалдандырғыштар ларингитте болатын күйдіру сезімін басуға көмектеседі. Ісінуге қарсы және ауырсынуды басатын дәрілік препараттар жоғарғы тыныс алу жолдары инфекциясының симптомдарын жеңілдетеді.
Болжамы
Күрделі себептері болмайтын ларингит, көбінесе, өздігінше өтеді.
Мүмкін асқынулары
Сирек жағдайда ауыр тыныс алу жеткіліксіздігі дамуы мүмкін, мұндайда шұғыл медициналық жәрдем қажет.
Қашан дәрігерге көріну қажет
Дәрігерге келесі жағдайларда көрініңіз:
- Тісі шықпаған кішкентай сәбиде тыныс алудың қиындауы және жұтудың бұзылысы, сілекей ағуы байқалады
- 3 айлықтан кіші балада дауысының қарлығуы байқалады
- Қарлығу сәбиде – 1 аптадан артық, ересекте – 2 аптадан артық болса.
Алдын алу
-
Суық тию және тұмау маусымында жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциясына шалдыққан адамдардан алшақ жүріңіз
-
Қолды жиі жуыңыз
-
Дауысқа жүктеме түсірмеңіз
Темекі шегуді қою қарлығуға апаратын бастың, мойынның немесе өкпенің ісіктерінің пайда болуының алдын алуға көмектесуі мүмкін.