Латекске аллергиялық реакция
Латекске аллергиялық реакция
Латекс дегеніміз - каучук ағашынан (гевея - Hevea brasiliensis) алынатын табиғи өнім.Көбінесе адамдарда латекстен жасалған қолғаптарға аллергиялық реакция дамиды.Қазіргі уақытта бұл аллергияның түрі өзекті мәселеге айналып барады.
Симптомдары:
Латекске қарсы аллергиялық рекция әр түрлі дамиды-ол өмірге қауіп тудырмайтын жағдайдан басталып ауыр жағдайға дейін алып келуі мүмкін.Мысалы:
- · Терілік реакциялар:Жанаспалы дерматит, есекжем немесе жаппай қышынуға алып келеді
- · Тыныс алуға әсері.Науқастың тыныс алу жүйесіне жеңіл әсер етсе-жөтел,түшкіру немесе мұрыннан көптеген бөлінділер бөлінеді,ал ауыр жағдайда-ентігу,тамақтың ісінуі немесе қатты естілетін сырылмен тыныс алу болады.
- · Анафилаксиялық шокта кездеседі.
Кандай адамдарда латекске қарсы аллергиялық реакция дамиды?
Латекске қарсы аллергиялық реакция көбінесе резинадан жасалған заттар шығаратын мекемеде істейтіндер де, медицина қызметкерлерінде және операциясына латекстен жасалған құралдар көп қолданылған науқастарда дамиды.
Латекске қарсы аллергиялық реакция дамуын арттыратын қауіп факторлары.
Мысалы, мына заттарға банан, каштан, киви, авокадо және қызанаққа аллеригялық реакциясы бар адамдарда латекске қарсы аллергиялық реакция дамуы мүмкін.Себебі осы өнімдер мен латекстің құрамында бірдей белок кездеседі.Сонымен қатар латекске қарсы аллергиялық реакция анамнезінде атопиялық дерматиті бар науқастарда даму қаупі жоғары.
Латекстен жасалған заттар қай жерде кездеседі ?
Құрамында латекс бар медициналық бұйымдар:
- Медициналық қолғаптар
- Дренаж, жгут,катетер және бинт
- Операцияны тануға арналған жабысқақ ленталар құрамында
Құрамында латекс бар жеке немесе үйде қолданылатын заттар:
- Контрацептивтар мысалы: мүшеқап
- Төсемелер және гигиеналық жастықтар
- Сәбилерге қолданылатын емізік құрамында
- Шарлар және резинадан жасалған ойыншықтарда
- Компьютер тышқанына арналған төсеме құрамында.
Диагностикасы.
Латекске қарсы аллергиялық реакция бар екенін білу үшін анамнезіне,обьективті жағдайына және лабораторлық тексерулерге қараймыз.Лабораторлық тексерурлерге қанның құрамындағы латекске қарсы антиденені анықтау жатады,сонымен қатар латекстен жасалған қолғапты кигізіп көру және аллергиялық тері астылық сынама жасалады.Осы сынамаларда білікті дәрігер жасайды себебі рекция болған жағдайда дер кезінде көмек көрсете білу керек.
Емі.
Дәрілік препараттар тек қана симптомдарды азайтады, ең тиімдісі латекспен контактыны толық шектеу болып табылады. Ауру асқынған жағдайда науқас жан сақтау бөлімінде емделеді.
Латекске қарсы ауыр аллергиялық реакциясыны басынан өткізген науқастар әрқашан өзімен бірге аллергияға қарсы дәрілер және адреналин дайындалған сөмкені ұстап жүруі тиіс.
Егер аллергия болған жағдайда латекстен қалай сақтану керек?
- Латекс өнімдерінің терімен жанасуына жол бермеу керек егер денсаулық сақтау қызметкерлері болса онда гипоаллергенді қолғаптарды қолданады .
- Латекстен жасалған қолғаптардың қасында тыныс алуды шектеу керек.
Аударған: Мелис Айбек