.

Лямблиоз (Лямблиялар) | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Лямблиоз (Лямблиялар)

Лямблиоз (лямблиялар) – Giardia lamblia, кейде Giardia intestinalis аталатын паразиттік инфекциядан туындайтын ауру. Лямблиоз әдетте, паразитпен залалданған суды ішуден пайда болады.; G. lamblia  көбінесе, өңделмеген бұлақтарда, өзен-көлдерде болады.

Лямблиоздың симптомдары  – диарея, желдену, іштің түйіліп ауыруы және жүрек айнуы. Кейбір адамдарда лямблиоз ешқандай симптомдарды туындатпайды. Басқаларда симптомдар кейде ушығады.

Паразитті жұқтырудың алдын алу үшін: қолды жуу, және құбыр емес су көздерінен алған суды қолдану алдында немесе тамақ пісіруге, ыдыс жууға немесе тіс тазалауға қолдану алдында өңдеу қажет.   

Лямблиоздың симптомдары өздігінше өтеді. Алайда, жайсыздықты басу және аурудың таралуының алдын алу үшін дәрі қолдану қажет (метронидазол).

 
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.