.

Мальабсорбция синдромы | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Мальабсорбция синдромы

Мальабсорбция синдромы – асқазан-ішек жолынан қанға қоректі заттарды, дәрумендерді, минералды заттарды сіңіру қабілетінің бұзылысы.
Себептері бола алады:

  • Белгілі бір асқорыту ферменттерінің болмауы немесе төмендеуі.
  • Ұйқы без ауруы, соның ішінде фиброзды-кистозды дегенерация.
  • Паразиттермен шақырылған аурулар, соның ішінде лямблиоз, гельминтер, амебиаз.
  • Асқазан-ішек жолдарындағы микрофлорасының өзгерісі.
  • Асқазан-ішек жолдарының өзі-өзінің зақымдауы, соның ішінде глютенді ауру.
  • Асқазан-ішек жолдарының ұзындығы өзгертетін немесе жалпы өзгеріске әкелген операция. 
  • ЖИТС (Жедел иммунды тапшылық синдромы).

Симптомдары болып табылады:

  • Газ бөліну, іштің кебуі, іш қуысының дискомфортты.
  • Іш өту және сасық нәжіс.
  • Әлсіздік.
  • Дене салмағының төмендеуі.

Сіздің дәрігеріңіз Сіздің жалпы жағдайыңызға қарап, себебің анықтап, емді тағайындайды. Емге арнайы диета, спазмді азайтатын және асқорыту ферменттерінің орнын басатын медикаментозды ем, ақуызды-минералды қоспа, соның ішінде B12 және темір. 

Аударған: Бердібек Ағабек

 

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.