.

Мастит | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Мастит

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Аурудың болжамы

Мүмкін асқынулары

Қашан дәрігерге көріну қажет

Алдын алу

Синонимдары

 

Жалпы ақпарат

Сүт безінің инфекциясы – сүт безі тіндеріне инфекцияның түсуі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суретте сау сүт безінің анатомиялық құрылысы көрсетілген. 

Емізетін әйелдерде көптеген инфекциялар бактериялардың емшек ұшы арқылы енуінде пайда болады. Ауыр инфекцияларда абсцестер (іріңді қабыну) пайда болады. Емдеу үшін антибактериалдық препараттар қолданылады. 

Себептері

Сүт безінің қабыну ауруларын сау адамның терісінде болатын алтын түсті стафилококк секілді кең таралған бактериялар туындатады. Бактериялардың енетін тұсы – емшек ұшындағы жарылу немесе сызаттар.

Инфекция сүт безінің теріастылық-майлық жасушасында шоғырланады, бұл оның қабынуына апарады. Қабыну үрдісі сүт безінің түтіктері бойынша таралады. Нәтижесінде ісіну және ауырсыну пайда болады.

Әдетте,  бұл ауру емізетін әйелдерде пайда болады. Бала емізуге байланысты емес емшек инфекциялары сүт безінің қатерлі ісігінің сирек түрі болуы мүмкін.

Симптомдары

•        Бір емшек безінің ғана ұлғаюы

•        Емшектегі қатаюлар

•        Емшектегі ауырсыну

•        Қызба немесе тұмаудың симптомдары, жүрек айнуы және құсу

•        қышу

•        емшек ұшынан бөлініс (іріңді болуы мүмкін)

•        емшек ұштарының сезімталдығының өзгерістері

•        сүт бездерінің тіндерінің ісінуі, ауырсынуы, қызаруы және температурасының артуы

•        зақымдану жағындағы лимфа түйіндерінің ауырсынуы немесе ұлғаюы

Диагностика

Емізетін әйелдер әдетте, тексерілмейді. Алайда, жиі тексеру ауруды анықтауға көмектеседі және абсцесс (іріңді қабыну) секілді асқынуларының алдын алады.

Ұзақ уақыт бойы өтетін инфекциялық үрдісте емшек сүтін бактериологиялық себу арқылы тексеріс өткізіледі. Емізбейтін әйелдерде сүт безінің биопсиясы немесе  маммография өткізілуі мүмкін.

Емдеу

Үйде жасалатын күтім: сүт безінің зақымданған аумағына спиртті ылғалды компресс қолдану, күніне төрт рет, 15-20 минуттен.

Бұл ауруды емдеуде антибиотикпен емдеу пайдалы. Емдеу уақытына емшек емізуде зақымданған жақта міндетті түрде сүт сауғыш қолдану ұсынылады.

Аурудың болжамы

Бактерияға қарсы препараттарды уақытылы қолдануда ауру тез өтеді.

Мүмкін асқынулары>

Ауру ауыр өткенде абсцесс (іріңді қабыну) дамуы мүмкін. Абсцесс хирургиялық жолмен босатылуы тиіс. Абсцеске шалдыққан әйелдер уақытша емізуді тоқтатуы тиіс.

Қашан дәрігерге көріну қажет

Дәрігерге көрініңіз, егер:

•        сүт безінің бір тұсында қызару, ауырсыну, ісіну немесе жергілікті температурасының артуы пайда болса

•        емізгенде дене температурасының артуы байқалады

•        қолтық асты лимфа түйіндері ауырсынып, ұлғайған.

Алдын алу

Келесі ұсыныстар сүт безінің жұқпасының қаупін азайтуға көмектеседі:

•        қабыну және сызаттардың алдын алу үшін емшек ұшына қамқорлық жасау қажет

•        сүт безінің қатаюының алдын алу үшін жиі емізу және сауып отыру

•        емізгенде балаға емшекті дұрыс беру

•        емшек емізуді күрт үзбеу, сәбиді емшектен біртіндеп айыру

Синонимдары

Сүт безі тінінің инфекциясы; емшек абсцесі.

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.