.

Мастоидит | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Мастоидит

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Аурудың болжамы

Мүмкін асқынулар

Алдын алу

 

Жалпы ақпарат

.

Мастоидит – бассүйектің құлақтың артында орналасқан емізік тәрізді өсіндісі - ауаға толтырылған сүйек қуыстарының инфекциялық зақымдануы. Мастоидит әдетте, балаларда дамиды. Антибиотиктерді қолданғанға дейін мастоидит бала өлім-жітімінің басты себептерінің бірі болды. Бүгінде бұл ауру – салыстырмалы түрде сирек және аса қауіпті емес ауру, себебі, құлақ инфекцияларын емдеу үшін антибиотиктер қолданыла бастады. 

 

Суретте құлағынан бөлінді және құлағының артында орналасқан емізік тәрізді өсіндінің қызаруы  (эритема) байқалатын бала келтірілген.

Себептері

Көбінесе, мастоидит ортаңғы құлақтың қабынуының емделмеуінен болатын асқыну (жіті ортаңғы отиттің). Инфекция ортаңғы құлақтан самай сүйегінің емізік тәрізді өсіндісіне таралуы мүмкін. Самай сүйегінің емізік тәрізді өсіндісінің ұяшықтары инфекцияға толып, оның бұзылысына апарады.

Симптомдары

• құлақтан бөлінділер (сыртқы есту түтігінен)

• құлақтағы ауырсыну немесе жайсыздық (жағымсыз сезіну)

• қызбалы жағдай, температура жоғары болуы немесе күрт артуы мүмкін

• бас ауыруы

• естуді жоғалту

• құлақ аумағындағы немесе артындағы қызару

• құлақ қалқанының ісінуден қалқайып тұруы.

 

Диагностика

Басты қарағанда мастоидиттің белгілерін көруге болады. Келесі тексерулер самай сүйегінің емшек тәрізді өсіндісінің бұзылыстарын анықтауы мүмкін:

  • Құлақтың компьютерлік томографиясы (КТ)
  •  Бастың жалпы компьютерлік томографиясы
  • Құлақтың бөліндісінен бактериологиялық себу алу – бактерияны анықтау үшін.

Емдеу

Мастоидитті емдеу дәрілік препараттардың емізік тәрізді өсіндіге терең ене алмауынан қиындауы мүмкін. Сондықтан ұзақ, немесе қайта емдеу қажет болады. Антибиотиктерді қабылдау алдымен инъекция, одан кейін таблетка түрінде тағайындалады.

Егер антибиотикпен емдеу тиімді болмаса, хирургиялық араласу қажет болады, емізік тәрізді өсіндінің зақымданған тұстарын ішінара алып тастау үшін (мастоидэктомия).

Ортаңғы құлақтың қабынуында хирургиялық араласу дыбысжарғақ арқылы жасалады (мирингэктомия).

Аурудың болжамы

Мастоидит дұрыс емделгенде жазылады. Бірақ, ауру қайталануы және емдеуде кейбір қиындықтар болуы мүмкін.

Мүмкін асқынулары

• Самай сүйегінің емізік тәрізді өсіндісінің бұзылысы

• бас айналуы

• Эпидуралдық абсцесс (ми қабығы аумағындағы іріңді қабыну)

• бет нервісінің параличі (салдануы)

• Менингит (мидың қабығының және жұлынның қабынуы)

• естуді ішінара немесе толық жоғалту

• инфекцияның миға немесе бүкіл организмге таралуы

Қашан дәрігерге көріну қажет

Мастоидит болуында дәрігерге көрініңіз.

Дәрігермен емделу жоспарын талқылаңыз, егер:

• емделмейтін немесе жаңа симптомдармен қосарланатын құлақ инфекциясы болуында

• симптомдар емделмейтін болса.

Алдын алу

Құлақ инфекциясын уақытылы және толыққанды емдеу мастоидиттің пайда болу қаупін азайта алады.

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.