.

Меланома | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Меланома

Меланома – терінің қатерлі ісігі (көздің торы, ми, шырышты қабықшалар), ол меланоциттерден дамиды. Ең жиі кездесетін жағдайлар (70% жағдайда): меланома қайта туындайды, зиянсыз дақ сияқты болып көрінеді.

 

Бұл ісіктің түрі әйелдер және еркектерде кездеседі бірақ әйелдерде 1,5-2 есе жиірек кездеседі. Орташа есеппен 45 жастағылар ауырады, уақыт өте келе меланома жастарда да кездесіп жүр (15-25 жас).

Меланома - қатерлі ісіктердің ішінде ең қауіптісі. Ол тез арада теріні зақымдап, терінің бірнеше қабатына дейін өседі, ол лимфа және қан тамырлары арқылы басқа органдарға таралады (өкпе, бас миына, бауырға), сол жерде ошағы дамиды.Егерде сол органдарда ошақталса оның салдары өлім болып табылады. Меланоманы ерте кезден анықтаған маңызды. Үнемі бар дақтарды бақылап отырыңыз. Егер олардың кез-келгені кенет түрде тез өссе, пішінін өзгертсе, түсі мен тығыздығы өзгерсе, қабынуы немесе ауыра бастаса, шұғыл онкологқа көрінү  керек. Мүмкін бұл нағыз меланоманың өзі болуы мүмкін.

 

Меланоманың емі

I  кезең . Емінде хирургиялық жолмен сау тінге дейін меланоманы алып тастайды. Оны алу үшін қаншалықты енгеніне байланысты. Меланомаға жақын орналасқан рутинді лимфа түйіндерін алу, I кезеңі меланомасы бар науқастардың өмір сүруін жақсартпайды.

IIкезең. Егер лимфа түйіндерінің (ісіктердің жанында орналасқан) зақымдалуына күдік болса, олардың біреуінің биопсиясы орындалады, егер ол зақымдалса, осы аймақтың барлық қалған лимфа түйіндерін жою қажет.

Меланоманың осы кезеңінде қосымша емдеу тағайындалуы мүмкін, мысалы, альфа интерфероны немесе қайталану ықтималдығын азайтатын басқа да препараттармен.

III кезең. Меланоманың осы сатысында, бастапқы ісіктің бөлінуінен басқа барлық жақын орналасқан лимфа түйіндері жойылады. Бірқатар жағдайларда инферферонмен иммунотерапияны тағайындау меланоманың рецидивінің пайда болуын кейінге қалдыруға мүмкіндік береді.

Егер науқаста бірнеше меланома болса, онда оларды жою керек. Егерде бұл мүмкін болмаса, онда БЦЖ вакцинасын немесе интерферонды тікелей ісікке салынады. Осы санаттағы пациенттерді оңтайлы емдеу бүгінгі күніге дейін табылмады. Зақымдалған аймаққа сәулелі терапиясын, сондай-ақ химиотерапияны немесе иммунотерапияны қолдануға болады, бұл әдістерді біріктіруге болады.

IV кезең. Меланоманың бұл кезеңімен ауыратын науқастарды толық емдеу мүмкін емес. Операциямен жағымсыз симптомдарды тудыратын ірі ісік түйіндерін алып тастауға болады.

Кейде метастаздарды ішкі органдардан алып тастайды, бірақ бұл олардың орналасуына және белгілеріне байланысты. Паллиативтік мақсатымен бірнеше науқастарда сәуле мен химиотерапияны қолданды.

Химиотерапия IV кезеңдегі меланомасы бар науқастарда өте шектеулі мүмкіндіктерге ие. Химиотерапия ісіктің азаюына әкелуі мүмкін, бірақ бұл әсер қысқа мерзімді және әдетте 3-6 айға созылады.

Интерферон немесе интерлейкин-2 қолдану арқылы иммунотерапия осындай кезеңмен ауыратын науқастардың өмірін ұзартады. Кейбір дәрігерлер иммунотерапиямен бірге химиотерапияны қолдануды ұсынады.
IV кезең меланомасы бар пациенттердің көпшілігінің жағымсыз болжамына қарамастан, олардың кейбіреулері емделуден кеін бірнеше жыл бойы өмір сүреді. 

 

Аударған: Айтмұқаев Ернұр

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.