.

Миеломалар | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Миеломалар

Миелома (плазма жасушаларының ісігі) – бұл сирек кездесетін қатерлі ісік түрі, оның салдарынан сүйек кемігінде ақ қан клеткаларының (плазмалық жасушалар) бақылаусыз өндірілуі. Ісік клеткалары қан клеткаларын ауыстырып, қызыл қан клеткаларының санын азайтады (анемия).
Плазма жасушаларының артық өндірілуі антиденелер санын көбейтуге әкеледі. Плазмалық денелер сүйектің бұзылуына әкелуі мүмкін. Плазмалық жасушалар сүйекте жиналуы мүмкін, кішігірім ісік пайда болады, ол плазмацитома деп аталады.
Миеломаның ең жиі кездесетін белгілері түнгі терлеу, салмақ жоғалту, әлсіздік, шаршау, сүйек ауруы, өкпе қабынуы, окоченение, сіреспе, бүйрек жеткіліксіздігі болып табылады. Егер ауру омыртқа сүйектерін қамтыса, онда олар бұзылып жұлынның қысылуына әкелуі мүмкін.
Миеломаның нақты себебі белгісіз. Ерлерде әйелдерге қарағанда сәл ғана жиі кездеседі және әдетте 40-70 жас аралығындағы кезеңде диагноз қойылады. 40 жасқа дейін бұл ауру сирек кездеседі.
 
Миеломалар әдеттегідей плазма жасушаларының санын азайту үшін химиотерапиямен емделеді, ал антибиотиктер инфекциямен және ауырсынуымен күреседі.Сүйек массасы зақымдалуы кезінде рентген терапиясы қолданылуы мүмкін.
 
 
Аударған: Айтмұқаев Ернұр
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.