.

Мойын артриті (спондиллез) | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Мойын артриті (спондиллез)

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Болжамы

Мүмкін асқынулар

Қашан дәрігерге көріну қажет

Синонимдары

 

Жалпы ақпарат

Мойын спондилезі  - мойын шеміршегі мен сүйегінің (мойын омыртқалардың) тозуымен сипатталатын ауру. Бұл көбінесе, мойындағы созылмалы ауырсынудың себебі болады.

 

 

Омыртқа бірнеше бөлімнен тұрады. Мойын омыртқалары мойынды құрайды. Кеуде омыртқалары кеуде бөлімін құрайды, оларға қабырғалар бекітілген. Бел омыртқалары соңғы кеуде омыртқасы мен сегізкөздің жоғарғы бөлігінің арасында орналасқан. Сегізкөздік омыртқалар жамбастың жамбас сүйегіне бекітілген, құйымшақ – соңғы омыртқа немесе рудиментарлық (организмнің эволюциялық дамуы үрдісінде негізгі мәнін жоғалтқан) құйрық.

 

Себептері

Мойын спондилезі омыртқаның мойын бөлімінің созылмалы тозуымен байланысты орын алады. Бұл кезде мойын омыртқаның арасында орналасқан дискілер немесе жастықшалар және омыртқаның мойын бөлімінің сүйектерінің арасындағы буындар зақымданады. Омыртқаның сүйектерінде (омыртқаларда) сүйек сүйелі (шеткі өсінділер) қалыптасуы мүмкін.

 

Уақыт өте келе бұл өзгерістер нерв түбіртектерінің бірін немесе бірнешеуін қысуы мүмкін. Ауыр жағдайларда дерттік үрдіске жұлын да тартылуы мүмкін. Мұндай үрдіс қолмен қатар аяқты да қамтиды.

Бұл өзгерістер күнделікті тозудың салдарынан пайда болады. Олар жұмыста немесе спортта белсенді адамдарда көбірек пайда болуы ықтимал.

Негізгі қауіп факторы – қартаю. Көптеген адамдарда 60 жасқа таман мойын спондилезін рентгеннен көруге болады. Басқа да пайда бейімділік факторлары:

 

  • Артық салмақ және дене жүктемелерінің болмауы
  • Ауыр заттарды көтеруді, тым көп иілуді талап ететін жұмыс
  • Бұрын мойын жарақатының болуы (көбінесе, мойын спондилезінің пайда болуына дейін бірнеше жыл бұрын)
  • Бұрын омыртқада операциялардың болуы
  • Омыртқа аралық дискілердің зақымдануы
  • Ауыр артрит
  • Остеопороздан омыртқаның шағын сынықтары (сүйектің жұқаруы)

 

Симптомдары

Симптомдары көбінесе, ұзақ уақыт бойы баяу дамиды. Олар кенеттен пайда болуы немесе бірден нашарлауы мүмкін. Ауырсыну жеңіл немесе қозғалтпауға дейін апаратын, терең және қарқынды болуы мүмкін.

Ауырсыну жауырынның үстінде сезілуі мүмкін. Сирек жағдайда ауырсыну иыққа, иықтан төмен немесе саусақтарға таралуы мүмкін.

Ауырсыну келесі жағдайларда ушығады:

 

  •  ұзақ тұрғанда немесе отырғанда
  • түнде
  • түшкіргенде, жөтелгенде немесе күлгенде
  •  мойынды артқа шалқайтқанда немесе ұзақ уақыт бойы ұзын қашықтыққа жаяу жүргенде.

 

Сондай-ақ, белгілі бір бұлшық еттерінде әлсіздік сезілуі мүмкін. Кейде бұл дәрігер қарағанға дейін сезілмейді. Басқа жағдайларда қолды көтерудің немесе бір нәрсені қатты қысудың қиындығы байқалады.

Басқа жиі кездесетін симптомдары:

 

  •  мойынның қиын қозғалуы, уақыт өте келе ушығады.
  • Иықтағы, қол-аяқтағы ұйып қалу немесе әдеттен тыс сезінулер (сирек)
  •  Бас ауыруы, әсіресе, желке тұсында.

 

Сирек симптомдары:

 

  •   Тепе-теңдікті жоғалту
  •  Қуықты немесе ішекті бақылауды жоғалту (жұлынның қысылуында). 

 

Диагностика

Медициналық қарау кезінде басты бұруда қиындықтар анықталуы мүмкін.

Емдеуші дәрігер басты алға және жан-жаққа еңкейтуді сұрайды, бұл кезде басты ақырындап басады. Бұл тексерудің басында ауырсынудың күшеюі немесе ұйып қалудың пайда болуы - әдетте, омыртқаның нервісіне қысым көрсетілуінің белгісі.

Әлсіздік немесе сезімталдықты жоғалту – белгілі нерв түбіршектерінің немесе жұлынның зақымдануының белгісі .

Мойынның немесе омыртқаның рентгені әдетте, артриттің немесе омыртқаның басқа өзгерістерін іздеу үшін өткізіледі.

Мойынның магниттік-резонанстық томографиясы (МРТ) келесі жағдайларда тағайындалады:

 

  •   Дәрілік препараттарды қабылдауда басылмайтын мойындағы немесе қолдағы күшті ауырсыну
  •  Әлсіздікте немесе қолдың ұйып, жансыздануында

 

Түбіртектік нервтердің қызметін зерттеу үшін электромиография (ЭМГ) және нерв өткізгіштігін өлшеу жүргізіледі.

 

Емдеу

Емдеуші дәрігеріңіз немесе басқа мамандар ауырсынуды жеңуге көмектеседі, сондықтан белсенділікті сақтай аласыз.

 

  • Дәрігер физиоемдеуге бағыттайды. Физиотерапевт созу арқылы ауырсынуды азайтуға көмектеседі. Мойынның бұлшық етін нығайтатын жаттығуларды орындауды үйретеді.
  • Терапевт мойынға қысымды азайту үшін созып, тарту(тракция) әдістемесін может қолдануы мүмкін.
  • Массажист, ине салушы немесе омыртқа манипуляциясын жасайтын маманға баруыңыз мүмкін (мануалдық терапевт, остеопат немесе физиотерапевт). Кейде бірнеше рет барғаннан кейін мойындағы ауырсыну өтуі мүмкін.
  • Ауырсыну ұстамасын жеңілдету үшін салқын немесе жылы пакетті қоюға болады.

 

Егер ауырсыну өмірге әсер ететін болса, когнитивтік –мінез-құлықтық емдеу пайдалы болады. Бұл техника ауырсынуды жақсырақ түсініп, меңгеруге көмектеседі.

Дәрілік препараттарды қабылдау ауырсынуды жеңуге көмектесуі мүмкін. Дәрігер ауырсынуды ұзақ уақыт бақылауға алу үшін стероидты емес қабынуға қарсы заттектерді тағайындайды. Есірткілік анальгетиктер күшті ауырсынуда ғана, алдыңғылар көмектеспесе, тағайындалуы мүмкін.

Бұл ем-шаралардан кейін де ауырсыну өтпесе, немесе сезімталдық пен қозғалысты жоғалту орын алса, хирургиялық емдеу ұсынылады. Операция нервтердің және жұлынның қысылуын жою үшін жасалады.

 

Болжамы

Мойын спондилезіне шалдыққан науқастардың көпшілігінде ұзақ уақыт бойы созылатын симптомдар болады. Бұл симптомдар әдетте, дәрімен емдеу арқылы жеңілдейді, бұл кезде ешқандай операция қажет болмайды.

Бұл ауруға шалдыққан көптеген адамдар белсенді өмір салтын қолдауға қабілетті. Кейбір науқастар созылмалы ауырсынумен өмір сүреді.

 

Мүмкін асқынулары

  • Нәжістің немесе несептің ұстамауы
  • Бұлшық ет қызметін жоғалту
  • Мүгедектік (кейде)
  • Тепе-теңдікті жоғалту

 

Қашан дәрігерге көріну қажет

Келесі жағдайларда дәрігерге көрініңіз:

 

  • Ауру ушығатын болса
  • Асқыну белгілері болса
  • Жаңа симптомдар пайда болса (дененің белгілі бір бөлігінде қозғалыстың бұзылуы немесе сезімталдықты жоғалту)
  • Қуықты немесе ішекті бақылай алмау (шұғыл дәрігерге көріну қажет).

 

Синонимдары

Мойын остеоартриті; Мойын артриті; Мойындағы созылмалы ауру.

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.