.

Мойын бұлшық еттерінің қаттылығы (ригидтілігі) | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Мойын бұлшық еттерінің қаттылығы (ригидтілігі)

Мойын бұлшық еттерінің қаттылығы, басқа симптомдарсыз өзі ғана, ұйықтаған кезде дұрыс жатпай қалуынан немесе компьютер алдында ұзақ уақыт отырудан пайда болуы мүмкін.

Бірақ мойын бұлшық еттерінің қаттылығы басқа да симптомдармен қатар көрінуі мүмкін, және осындай жағдайда пациенттердің шағымдары маңызды көрініс табады. Мысалы, менингит – мойын бұлшық еттерінің қаттылығымен, бас ауруымен және қалтыраумен көрінеді.

Не істеу керек?

Егер балаңызда мойын бұлшық еттерінің қаттылығы және мойын аумағында ауру сезімі анықталса, бірақ қалтырау және басқа да симптомдар байқалмаса:

  • Мойнына жылы, ылғалды компресс басыңыз
  • Ауру сезімін басу үшін балаңызға ацетаминофен немесе ибупрофен беріңіз
  • Егер симптомдар басылмаса, дәрігерге қаралыңыз

Егер балаңызда мойын бұлшық еттерінің қаттылығы және келесі жағдайлардың біреуі анықталса , дереу дәрігерге қаралыңыз:

  • Жақын арада болған жарақат
  • Соңғы айда кене тістеуі болса
  • Қалтырау (нәрестелерде дене температурасы қалыптыдан төмен болуы)
  • Шаршағыштық, ұйқышылдық немесе әлсіреу
  • Қозғыштықтың жоғарлауы
  • Тұрақты бас ауруы
  • Құсу
  • Көздің жарыққа сезімталдығы
  • Терінің бөртуі
  • Тұмауға тән симптомдар
  • Нәрестедер үшін: әлсіз емуі, қатты дауыстап жылау, еңбегінің ісуі

Профилактика жайлы ойланыңыз!

Минингитке қарсы вакцина сияқты, иммунизацияны уақытылы жасатыңыз.

Кенелерден қорғану үшін, жәндіктерге қарсы репелленттер жақсы көмектеседі (диэтилтолуамид концентрациясы 10-30%-дан аспайтын); балалар мен үй жануарларын кенелерге жиі тексеру; кенелері көп аймақта ұзын шалбар мен көйлек кию.

Балалардың мойнына жарақат әкелу қаупі жоғары ойындар мен жабдықтардан, баларды аулақ ұстаңыз.

Аударған: Шардарбек Райымбек

 
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.