Мойынның қисаюы
Мазмұны
Жалпы ақпарат
Мойынның қисаюы – мойынның жұмсақ тіндерінің, қаңқасының және нервтерінің өзгерісінен туындаған ауру, ол бастың еңкеюімен және қарсы жағына бұрылуымен көрініс береді.
Қисық мойын- дистонияның түрі (бұлшық еттің ұзақ уақыт бойы жиырылуы), бұл кезде мойынның бұлшық еті, әсіресе, басты иетін бұлшық ет, еріксіз жиырылады, осыдан бастың бір жағына қарай бұрылуы орын алады. Мойынның қисаюы белгісіз себепті пайда болуы мүмкін, тұқым қуалау салдарынан немесе бұлшық ет жүйесінің зақымдануы нәтижесінде жүре пайда болуы мүмкін.
Себептері
Қисық мойын болуы мүмкін:
- Гендік туа біткен ауытқудан
- Жүре пайда болуы – жүйке жүйесінің, омыртқаның жоғарғы бөлігінің немесе бұлшық етінің зақымдануы нәтижесінде дамиды.
Егер аурудың себебі белгісіз болса, бұл идиопаттық (түсініксіз себепті) қисық мойын аталады.
Қисық мойын балалық шақта немесе ересек жаста да болады.
Туа біткен қисық мойын (туғанда болатын) пайда болады, егер сәби құрсақ ішінде дұрыс орналаспаған болса, немесе мойынның бұлшық еті зақымданса және қанмен қамтамасыз етілуі бұзылысқа ұшыраған болса.
Симптомдары
-
Бастың қозғалу ауқымы шектелген
-
Бастың ауыруы
-
Бастың дірілдеуі
-
Мойынның ауыруы
-
Бір иықтың көтеріліп тұруы
-
Мойын бұлшық етінің сіресуі
-
Мойын бұлшық етінің ісінуі (туғаннан болуы мүмкін)
Диагностика
Бастың және мойынның ауыруының басқа мүмкін себептерін ескеру үшін түрлі тексерулер жүргізілуі мүмкін. Медициналық тексерістің барысында анықталуы мүмкін:
- Бастың бұзылыс жағына қарай еңкеюі, бұл кезде иек қарсы жағына қарай бұрылған
- Мойын бұлшық етінің қысқаруы
- Мойын еңкейген және бір жағына бұрылған (ауыр жағдайларда)
Ауруды анықтау әдістері:
- Мойынның компьютерлік томографиясы
- Аса зақымданған бұлшық етті анықтау үшін электромиография (ЭМГ)
- Мидың магниттік-резонанстық томографиясы (МРТ)
Емдеу
Туа біткен қисық мойынды емдеуге қысқарған бұлшық еттің созу жатады. Аздап созу және бекіту жас сәбилер және кішкентай балаларда қолданылады. Бұл емдік шаралар көбінесе табысты, әсіресе, егер олар өмірінің алғашқы 3 айында басталса.
Мойынның бұлшық етін түзету бойынша хирургиялық операция мектепке дейінгі жаста жүргізілуі мүмкін, егер емдеудің басқа әдістері тиімсіз болса.
Жүйке жүйесінің, омыртқаның немесе бұлшық еттің зақымдануына байланысты болған қисық мойын бұзылыстың себебін анықтау және түзету арқылы емделеді.
Жылуды қолдану, омыртқаның мойын бөлімін созу, массаж мойындағы және бастағы ауырсынуды жеңілдетуге көмектеседі.
Созуға жаттығулар және мойын корсеттері бұлшық ет түйілуін азайта алады.
Дәрілік препараттар қолданылуы мүмкін, оның ішінде, антихолинергиялық препарат баклофен.
Ботулиндік токсин инъекциялары жағдайды уақытша жеңілдетеді, бірақ, инъекцияларды әр 3 ай сайын қайталау қажет болады.
Омыртқадағы хирургиялық араласу қажет болуы мүмкін, бұл кезде қисық мойын омыртқаның жылжуымен байланысты. Кейбір жағдайда, хирургиялық емдеуге мойын бұлшық етіндегі кейбір нервтерді бұзу немесе миды ынталандыру жатады.
Болжамы
Ауруды жас сәбилерде және балаларда емдеу оңайырақ. Қисық мойынның созылмалы түрге көшуінде мойын аумағындағы жүйке түбіршектерінің қысылуынан ұйып қалу, шаншу сезімі пайда болуы мүмкін.
Ұдайы стимуляция және дене жаттығуларына байланысты бұлшық еттің өзі үлкеюі мүмкін (гипертрофиясы).
Мүмкін асқынулары
Асқынуына жататындар:
- Ұдайы ширығудан бұлшық еттің ісінуі
- Мойын аумағындағы жүйке түбіршектерінің қысылу симптомдары
Қашан дәрігерге көріну қажет
Егер аурудың симптомдары емдеуде жақсармаса, немесе жаңа симптомдар пайда болса, дәрігерге көрініңіз.
Ауыр қисық мойын жарақаттан кейін немесе аурудан кейін пайда болуы мүмкін. Бұлай болғанда, дереу дәрігерге көріну қажет.
Алдын алу
Бұл аурудың алдын алудың ешқандай белгілі тәсілі болмаса да, ерте емдеу арқылы ушығуының алдын алуға болады.
Синонимдары
Қисық мойын; Локсия.