.

Мықын-асықты жіліктік байлам синдромы | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Мықын-асықты жіліктік байлам синдромы

Мықын-асықты жіліктік байлам синдромы – бұл фиброзды тіннен тұратын, санның сыртқы бетімен өтетін байлам. Ол тізеге және жамбас буынына мықтылық беріп, олардың шығуының алдын алады. Кейбір жағдайларда байлам шамадан тыс дамып, мықын сүйек пен тізенің ішкі жағын қысып, үгітіп тастауы мүмкін. Әрбір бүгілу кезінде тізе мен сан сүйектері бір-бірімен үйкеленеді. Бұл жағдай көбінесе жүгірумен айналысатындар да, велосипед айнайтындарда, аэробиканың басқа түрлерімен айналысатындарда кездеседі.

Мықын-асықты жіліктік байлам синдромының симптомдары:

  • Тізе мен санның сыртқы жағындағы ауырсыну.
  • Байлам керілген кезде және иілгіш кезінде жоғалатын ауырсыну.
  • Тыныштық кезінде жоғалатын ауырсыну.

Мықын-асықты жіліктік байлам синдромының еміне ісікті қайтаратын және ауырсынуды басатын дәрі-дәрмек, тыныштық, сонымен қатар керіліп-созылатын жаттығулар қолданылады. Кейде стероидтарды қатты ауырсыну орналасқан аймаққа енгізу де көмектеседі.

 

Аударған: Бердібек Ағабек

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.