.

Неге біз жыныстық қатынастарға түсеміз? | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Неге біз жыныстық қатынастарға түсеміз?

Статистикаға сәйкес, әрбір әйел жыныстық қатынас туралы үш күнде бір рет, ал ер адам, кем дегенде, күніне бір рет ойлайды. Дегенмен, қоғам үшін жыныстық қатынас туралы ашық сөйлесу әлі де қиындықтар тудырады. Бірақ та , жыныстық қатынастар біздің күнделікті өмірдің маңызды бөлігі болып табылады; ол тікелей адамның денсаулығы мен ұзақ өмір сүруіне әсер етеді. Сондықтан, біз жыныстық қатынастар туралы ұялмай сөйлесуіміз тиіс, әсіресе оргазм, эякуляция және белсіздік сұрақтары өте маңызды.

Жыныстық қатынасқа түсу адамның денсаулығын нығайту жолында бастапқы рөлге ие.

20-30 минуттық секс кезінде 300-ге жуық калория жоғалтуға болады. Бұл 5 километрлік фитнеске тең. Алайда, 2-ден 6 минутқа дейін созылған жыныстық қатынас кезінде тек жиырма бес калория жойылады.

 

Біздің жыныстық өте қиын. Біз жыныстық қатынастарға әр түрлі себептермен түсеміз:

  • балалы болғымыз келеді;
  • осылай біз сүйіспеншілігімізді білдіреміз;
  • жай ғана көңілімізді көтергіміз келеді;

Біздің жыныстық мәдениетіміз тек қана махаббат пен құмарлыққа бай емес, бұдан бөлек онда, өкінішке орай, зақымдалған презервативтерге, жыныстық жолмен берілетін ауруларға, бедеулік және эректильді дисфункцияға орын бар. Жыныстық өмір мәселелері күрделі және жеке болып табылады, бірақ оларды шынайы және жасырынсыз талқылауы керек. Өйткені осымен біздің дене және психикалық әл-ауқатымыз байланысты.

Әрине, махаббат пен құмарлық өте күрделі эмоциялар болып табылады. Биологиялық тұрғыдан алғанда, осы кезде пайда болатын химиялық қосылыстар миға арнайы сигналдар жібереді. Бұл сигналдардың әсерінен адам серіктесіне ғашық болады.

Ерлердің феромондарының әсерінен әйелдердің ұрықтылығы арттыруы мүмкін. Феромон деп айналшық, қолтық, зәр шығару каналының, кеуде және ауыздың айналасында орналасқан бездерден бөлініп шығатын заттарды атайды. Зерттеулер нәтижесінде, әйелдердің тұрақты жыныстық қатынастары (кем дегенде аптасына бір рет) етеккір циклінің қалпына келтіруіне, базальды температураның арттыруына және эстроген деңгейінің жоғарлауына ықпал етуі дәлелденді. Тағы бір зерттеу барысында, қырық күн ішінде екі немесе одан көп рет жыныстық байланыста болған әйелдерде овуляция жиі пайда болатыны анықталды.

Әйелдердің көбісі пенистің өлшемдері потенциямен байланысты деп есептейді. Олардың ойынша, пенистің өлшемдері жыныстық қатынастың ұзақтылығына және ер азаматтың ұрықтылығына әсер етеді. Бұл дұрыс емес ақпарат. Расында, сперманың тек қана қынапқа енуі қажет. Сперманың жылдам және күшті ағыны, пенистің үлкен мөлшеріне қарағанда әлдеқайда маңызды.

Эякуляция кезінде бөлінетін 300 миллионға жуық сперматозоидтардың басты мақсаты аналық жасушасына жету. Сперматозоидтар қынаптан жатыр мойыншығы арқылы жатыр қуысына жетеді. Бұл кезде жатыр түтігінің бетіндегі арнайы түзілімдердің көмегімен аналық жасушасы сперматозоид алдына түседі. Сперматозоид пен аналық жасушасы қосылу процессі ұрықтандыру деп аталады.

Эволюционды көзғараспен қарағанда жыныстық қатынастың басты мақсаты ұрықтандыру болып саналады. Бірақ та, адамдар жыныстық қатынастан бұдан бөлек ләззат алғысы келеді.

Әйелдер, ерлермен салыстырғанда, аз дәрежеде жыныстық сигналдармен байланысты. Ер адамдардың жыныстық сигналдың нәтижесінде эрекция пайда болады. Оның пайда болуымен, ер азамат жыныстық қатынаста қажеттілігін сезеді. Әйелдерде, керісінше, жыныстық белгілер көрінбей қалуы мүмкін, тіпті олардың жыныстық қатынасты ынталандыруда бар болуы міндетті емес. Зерттеушілер әлемдегі әйелдердің 1/3 бөлігі жыныстық қатыстарды талап етпейтінін анықтады.

Мысалы, кейбір адамдар жылына 5 рет жыныстық қатынастарға түседі. Бұған қарамастан, олар өздерін бақытты деп есептейді. Ал басқалары күнде жыныстық қатынасқа түссе де, өздерін бақытсыз деп ойлайды. Бұл өте қиын жағдай, себебі әйелдер мен ерлердің жыныстық қатынасқа деген көзғарасы әр түрлі. Ер азаматтар жыныстық қатынасқа ләззат алу үшін, ал әйелдер – махаббатқа сеніп түседі.

Басқа айырмашылығы ретінде, ерлердің жыныстық қатынасқа үш күнде бір рет түсуіне бейімделгені есептеледі. Бұның басты себебі, осы уақытта сперманың саны мен сапасы жоғары деңгейге жетуде.

Ең жиі кездесетін мәселе, ол әйелдердің жыныстық қатынасқа ықыласының болмауы. Жыныстық қатынасқа түсуге серіктесіңіздің ниетін арттыруға эксперименттер көмектеседі. Сіздің жыныстық өміріңізге жаңа позаларды және орындарды еңгізуге болады. Бұл жағдайда, жыныстық қатынастың жоспарлауын пайдалануға болады. Ол, өз тарапынан, жыныстық қатынасқа деген құштарлықты (либидо) арттырады

Турақты түрде жыныстық қатынасқа түсу адамның ағзасына өте пайдалы. Оны көптеген аурулардың профилактикасы ретінде пайдалануға болады. Бірақ та адамның жыныс мүшелері өте нәзік болып саналады. Сондықтан жыныс мүшелерін қалпында сақтау және жыныстық жолмен берілетін ауруларың профилактикасын жүргізу сіздердің қолдарыңызда!

 

Аударған: Тілеубек Нұридін

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.