Нервтің тартылуы
Мазмұны
Нервтің тартылуы – бұл бұлшық еттің біреуінің немесе тобының күрт қайталанатын және еріксіз жиырылуы. Нервтің тартылуы көбінесе, қабақтың, жақтың немесе ауыздың шетінің тартылуымен немесе жыбырлауымен, көздің жыпылықтауымен, бет бұлшық етінің жиырылуымен көрініс береді. Кейбір жағдайда мұндай тартылулар таңдайдың дыбысымен, жөтеліңкіреумен, дыбыстарды немесе сөздерді айтумен (вокалды) қосарланады.
Адамның жүйке жүйесі орталық және перифериялық жүйелерден тұрады.
Дәрігердің диагнозы қажет, себебі, нервтің тартылуы, әсіресе, вокалдық түрі, көбінесе, түсініксіз мінез-құлық болып көрінуі мүмкін. Бұл қоршаған ортаның терістеуін туындатуы мүмкін, бұл баланың жағдайында теріс ықпалын тигізіп, нервтік тартылу ушығуы мүмкін.
Сондай-ақ, диагностика басқа келесі ауруларды ескеру үшін де қажет: үрейлену бұзылысы, обсессивтік-компульсивтік бұзылыс, зейіннің жетіспеу синдромы.
Нервтің тартылуы көбінесе, балаларда кездеседі. Нервтің тартылуы екі түрде болады: алғашқы – жүйке жүйесінің бұзылысынан кейін пайда болатын, екінші – мидың ауруларынан кейін пайда болатын. Сондай-ақ, нервтің тартылуының тұқым қуалайтын тобы бар, мысалы, Торрет синдромы (бақылауға келмейтін вокалдық тартылуымен көрініс беретін бұзылыс (дыбыспен қосарланатын)).
Нервтің тартылуының негізгі симптомдары – бұлшық еттің күрт жиырылуы, қимылдар немесе қимылдардың күрделі кешені. Нервтің тартылуы түрлі күшпен болуы мүмкін. Науқас нервтің тартылуын басуға тырысқанда, ширығу артады, тартылу күшейеді.
Қимылдық тартылуға жататындар:
· Көздің жыпылықтауы
· Жұдырықтың түйілуі
· Саусақтың бүгілуі
· Танаудың тартылуы
· Бет қимылдың пайда болуы
· Қолды сермеу
· Аяқты сермеу
· ауыздың ашылуы
· қабақтың түйілуі
· иықты қозғау
· тілді шығару.
Дыбыстық тартылуға жататындар:
· таңдай қағу
· уһілеу
· ысылдау
· мұрынды тарту
· Демді ішке тарту
· ыңқылдау
· жөтеліңкіреу
· тамақтың қырнауы
Дәрігер ауруды неврологиялық және психиатриялық тексеруден кейін қояды. Зерттеу кезінде мидың зақымдануынан болатын ауруларды, психикалық бұзылыстарды ескеру қажет.
Нервтің тартылуы арнайы емдеуді қажет етпейді. Егер баладағы нервтің тартылуы көңіл-күй мәселесінен туындаса, қоршаған ортасы мен отбасындағы көңіл-күй жағдайын реттеу қажет. егер ауру асқынған болса, психотерапияны қолданады. Сеанс кезінде мәселе талқыланады, баланы ойын түрінде күйзеліспен күресуге үйретеді. Мұндай жағдайда психотерапевтің кеңесі баланың ата-анасына да қажет. екінші нервтің тартылуын емдеу оның пайда болуының түпкілікті себебін жоюға бағытталған.
Әдетте, нервтің тартылуы бала жаста көрініс береді, әдетте, ересек бола бастағанда, жойылады.
Нервтің айқын асқынуында қоғамдағы бейімделуде мәселелер болуы мүмкін.
Кейде нервтің тартылуы өздігінше өтеді. Егер жалғасатын болса, тартылудың жиілігі мен қарқындылығын азайту үшін дәрігердің араласуы қажет.
Source: http://www.nlm.nih.gov/medlineplus/ency/article/000745.htm