Несеп тас ауруы
Мазмұны
Жалпы ақпарат
Бүйрек тастары - ұсақ кристалдардан тұратын қатты масса. Бүйректе немесе несепағарда бір немесе бірнеше тас болуы мүмкін.
Несеп тым қою болған кезде оның құрамында түрлі заттектер кристалдана бастайды, кейіннен олардан тастар түзіледі. Несепағар бойымен тас жүргенде күшті ауырсыну пайда болады. Бүйрек тастары бүйрек түбекшелерінде, тостақшаларында немесе несепағарда түзілуі мүмкін.
Себептері
Бүйрек тас ауруы жиі кездесетін ауру. Отбасы мүшелерінде қайталану бейімдігі байқалады. Бүйрек тастары шала туған сәбилерде жиі кездеседі.
Тастар әр түрлі болады. Аурудың барысы тастың түріне байланысты.
Несепте кристалдануға қабілетті заттектер көп болғанда тастар түзіледі. Осы кристалдар бірнеше апта немесе ай ішінде тасқа айналады.
- Кальцийлі тастар жиі кездеседі. Олар көбінесе, 20-30 жас арасындағы ерлерде пайда болады. Кальций басқа заттектермен бірігіп, тас түзеді.
- Оксалаттар - кальцийлі тастардың жиі кездесетін түрлері. Оксалаттар саумалдық секілді кейбір өнімдерде болады. Сондай-ақ, олар С дәруменді тағамдық қоспаларда кездеседі. Жіңішке (аш) ішектің ауруларында осы тастардың түзілу қаупі артады.
Кальцийлі тастар сондай-ақ, кальцийдің фосфатпен немесе карбонатпен қосылуында түзілуі мүмкін.
Тастардың басқа түрлері:
- Цистинді тастар цистинурияға шалдыққан адамдарда түзіледі. Бұл тұқым қуалайтын ауру. Оның ерлерде және әйелдерде кездесу жиілігі бірдей.
- Струвитті тастар, негізінен, несеп шығару жолдарының инфекциясына шалдыққан әйелдерде кездеседі. Бұл тастар үлкен өлшемге жетіп, бүйректі, несепағарды немесе несеп қапты бітеуі мүмкін.
- Несеп қышқылының тастары әйелдерге қарағанда ерлерде жиі кездеседі. Олар подаграда немесе химиялық емдеуде пайда болуы мүмкін.
- Дәрілік препараттар секілді басқа заттектер де тастың түзілуіне ықпал етуі мүмкін.
Бүйрек тасының пайда болуының басты қауіп факторы – сұйықтықты жеткіліксіз тұтыну. Бүйректе тас түзілуі несептің тәулігіне 1 литрден аз бөлінуінде ықтимал.
Симптомдары
Несепті несепқапқа апаратын несепағар бойымен тастар жылжығанға дейін, бүйректен несептің ағуы тежелгенге дейін аурудың симптомдары сезілмейді.
Негізгі симптомы – күшті ауырсыну, ол кенет басталып, кенет аяқталады.
- Ауырсыну іштің аумағында немесе бел аумағында сезілуі мүмкін.
- Ауырсыну шап аумағына немесе аталық безге ауысуы мүмкін.
Аурудың басқа симптомдары:
- Несептің ауытқулы түсі
- Несепте қан болуы
- Қалтырау
- Қызба
- Жүрек айнуы
- Құсу
Диагностика
Дәрігер науқасты қарап, тексеріс өткізеді. Іш немесе арқа аумағында ауырсыну сезілуі мүмкін.
Ауруды анықтау әдістері:
- Қан талдауы: кальций, фосфор, несеп қышқылы және электролиттер деңгейін.
- Бауыр қызметінің сынамаларын өткізу
- Несеп талдауы: несептегі кристалдар мен эритроциттерді анықтау
- Тасты зерттеу: оның түрін анықтау үшін.
Тастар немесе несеп ағуының жолындағы кедергі келесі тәсілдермен анықталуы мүмкін:
- Іш қуысы ағзаларының компьютерлік томографиясы (КТ)
- Іш қуысы ағзаларының/бүйректің магниттік - резонанстық томографиясы (МРТ)
- Іш қуысы ағзаларының шолу рентгенографиясы
- Көктамыр пиелографиясы (көктамырға контрастылық заттекті енгізу арқылы рентгенологиялық зерттеу)
- Бүйректің УДТ (УЗИ)
- Ретроградтық пиелография.
Емдеу
Емдеудің бағыты тастың түріне және симптомдарының ауырлығына байланысты.
Бүйректің кішкентай тастары әдетте, несеппен өздігінше шығуға қабілетті.
- Шыққан тасты анықтау және зерттеу үшін несепті сүзу қажет.
- Шығатын несептің мөлшерін арттыру үшін күніне 6-8 стақан су ішу қажет. Бұл тасты шығаруға көмектеседі.б
- Ауырсыну аса қарқынды болуы мүмкін. Ол кейде өздігінше өтеді, немесе анальгетикалық (ибупрофен, напроксен) және есірткілік дәрілік препараттарды қолданумен басылады.
Күшті ауырсынуы бар кейбір науқастарға ауруханада емделу қажет. Оларға көктамыр арқылы сұйықтық енгізу қажет болады.
Тастардың кейбір түрлерінде дәрігер тас түзілуіне кедергі келтіретін немесе организмнен тас түзілетін заттектерді шығаруға қабілетті дәрілік препараттарды тағайындайды.
Бұл препараттарға жататындар:
- Аллопуринол (бүйрек қышқылының тастары үшін)
- Антибиотиктер (струвитті тастар үшін)
- Несеп айдайтындар
- Фосфаттық ерітінділер
- Натрий бикарбонаты немесе натрий цитраты
- Тиазидті диуретиктер.
Сондай-ақ, келесі жағдайларда ауруды оперативтік емдеу қажет:
- Тас тым үлкен және өздігінше шыға алмайды
- Тас ұлғаюда
- Тас несептің ағуын тежейді және бүйректің жұқпалануына немесе зақымдануына ықпал етеді.
- Ауырсыну дәрілік препараттарды қабылдаумен басылмайды.
Қазіргі уақытта көптеген ем-шаралар бұрынғыға қарағанда аз инвазивті.
- Литотрипсия бүйректе немесе несепағарда орналасатын 1 см және одан кіші тастарды жою үшін қолданылады. Ем-шара тастарды жарықшақтарға бөлу үшін дыбыстық немесе соққылық толқындарды қолдануға негізделеді. Бұл жарықшақтар организмнен несеппен шығарылады. Ем-шара дистанциялық соққылық-толқындық литотрипсия (ДУВЛТ) аталады.
- Бүйректе ірі тас болуында, сондай-ақ, бүйректің және қоршайтын тіндердің ауыртқулы түрінде жасалатын ем-шара кезінде терідегі шағын хирургиялық тілік арқылы арнайы аспап енгізіледі. Тас түтік (эндоскоп) арқылы алынады.
- Тастардың төменгі несеп жолдарында шоғырлануында уретероскопия қолданылуы мүмкін.
- Сирек жағдайларда әдістер көмектеспегенде немесе мүмкін болмаса, ашық оперативтік араласу (нефролитотомия)қолданылады.
Дәрігермен кеңесіп, нақты жағдайда қандай тәсіл оңтайлы екендігін анықтау қажет.
Болжамы
Бүйректегі тастар ауырсыну береді, бірақ, көптеген жағдайларда олар организмнен зақымдану келтірместен шығарылады.
Несеп тас ауруы қайталануы мүмкін. Бұл - аурудың себебі анықталмаса және емделмесе орын алады.
Бұл кезде келесілердің пайда болу қаупі бар:
- Несеп шығару жолдарының инфекциясы
- Емдеу ұзаққа созылғанда бүйректің зақымдануы.
Мүмкін асқынулары
Несепағардың бітелуі (біржақтылық, жіті обструктивтік уропатия)
Қашан дәрігерге көріну қажет
Несеп тас ауруының симптомдары болса, дәрігерге көрініңіз:
- Арқадағы немесе бүйірдегі өтпейтін, қарқынды ауырсыну
- Несептегі қан
- Қызу және қалтырау
- Құсу
- Несеп сасық иісті және бұлыңғыр түсті
- Несеп шыққанда күйдіру сезімі.
Егер несеп шығару жолдарының бітелісі болса, өтуді қалпына келтіру несеп шығарудағы тастың пайда болуымен немесе рентгендік тексерумен расталады.
Алдын алу
Несеп тас ауруы болса:
- Несеп жеткілікті мөлшерде түзілуі үшін сұйықтықты көп ішіңіз (күніне 6 - 8 стақан).
- Тастардың кейбір түрінде дәрілік препараттарды қабылдау немесе рационға өзгерістер енгізу қажет болады.
- Алдын алудың қажетті шараларын анықтау үшін дәрігер қанның және несептің талдауын тағайындайды.
Синонимдары
Бүйрек тастары; Нефролитиаз;