.

Нейрогенді булимия | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Нейрогенді булимия

Нейрогенді булимия (булимия) - бұл жеткіліксіз тамақтану (қатты тойғаннан кейінгі тазаруы). Булимиядан зардап шеккен адам қысқа уақыт ішінде (бірнеше сағат бойы) азық-түліктің үлкен мөлшерін жейді, содан кейін оны құсу, артық физмкалық жүктемеден немесе іш өткізетін дәрілерден, зәр айдайтын немее басқа дәрілер арқылы шығарады.
 
Булимиядан зардап шеккен адам әрқашан өз денесінің пішіні мен мөлшеріне алаңдап, өзін-өзі төмен бағалауы болуы мүмкін. Булимияны кейде анықтау қиын, өйткені адамда жиі айқын симптомдары жоқ және орташа дене салмағына ие. Тамақтанудан зардап шегетін адамдар көбінесе тамақтану әдеттерін жасырады немесе олардың проблемасы бар екенін жоққа шығарады.
 
Булимия себебі анық емес, бірақ ол физикалық, психологиялық, мәдени және әлеуметтік факторлармен байланысты болуы мүмкін. Булимия жас әйелдер арасында жиі кездеседі, бірақ ол егде жастағы әйелдерде, жасөспірімдерде және ерлерде дами алады. Булимия негізінен ұзақ мерзімді ауру болып табылады және ол жас кезінен бастап ересек кезіне дейін жалғасады. Уақыт өте келе, булимия денсаулығы үшін маңызды проблемаларды тудыруы мүмкін. Емдеуден кейін көптеген адамдар тым көп тамақтанудан тазару циклін тоқтата алады.
 
Аударған: Айтмұқаев Ернұр
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.