Өкпенің интерстицийлік аурулары
Мазмұны
Жалпы ақпарат
Өкпенің интерстицийлік ауруы – бұл дәнекер тінінің өсуі арқылы (фиброздану) өкпенің анатомиялық құрылысының бұзылуымен және қабынумен көрінетін аурулардың үлкен тобы. Қабыну және фиброздану үрдістерінің нәтижесінде қанға қажетті оттегінің жеткізілуі нашарлайды. Өкпедегі дәнекер тіннің өсу үрдісі өкпе фиброзы аталады.
Себептері
Шаңды немесе ауадан басқа бөліктерді тыныс алумен ішке жұту өкпенің интерстицийлік ауруларының кейбірінің дамуына апаруы мүмкін. Өкпенің телімді зақымдануына жататындар:
· Шахтерлардағы өкпенің қара ауруы – көмірдің шаңын жұтудан
· Фермердің өкпесі – топырақ шаңын жұтудан
· Асбестоз – асбест талшықтарының бөліктерін жұтудан
· Сидероз – шахтадан темірді немесе құйма аэрозолін жұтудан
· Силикоз – шаңды немесе кремний диоксидінен.
Өкпенің интерстицийлік ауруларының басқа себептері: аутоиммундық зақымданулар немесе сәуленің, газдың, будың кәсіптік әсері. Өкпенің интерстицийлік ауруларының кейбірінің пайда болу себептері белгісіз.
Емдеу
Емдеу тактикасы өкпенің тінінің зақымдануының түріне байланысты. Емдеуге дәрілік препараттар, оттегімен емдеу немесе ауыр жағдайларда өкпені алмастыру жатады.