Өкпенің ішінара коллапсы - пневмоторакс
Мазмұны
Өкпенің ішінара коллапсы - пневмоторакс – өкпенің плевралық қуысында ауаның немесе газдың жиналуы (оттегі, көмір қышқыл газы). Ауаның мұндай жиналуы өкпеге қысым түсіруге апарады, нәтижесінде ағза тыныс алған кезде қалыпты жағдайда болатындай кеңейе алмайды.
Өкпе – кеуде қуысында орналасқан жұп ағза. Өкпе тыныс алғанда енетін ауадан оттегіні алып, қанға жеткізеді. Өкпенің маңайында плевра қуысы аталатын өте жұқа кеңістік бар. Плевра қуысы – өкпенің сыртқы бетінің және кеуде қуысының ішкі бетінің арасындағы кеңістік. Әдетте, бұл өте жұқа қуыстар, оларда сұйықтықтың аздаған мөлшері бар.
Пневмоторакс – бұл өкпе мен кеуде қабырғасының арасындағы плевра қуысында ауаның болуы. Бұл кезде өкпенің ішкі бөлігінен өкпе мен кеуде қуысы арасындағы кеңістікке ауаның өтуі орын алады, ол өкпенің немесе кеуде қабырғасының зақымдануы нәтижесінде пайда болады. Мұндай үрдіс өкпенің коллапсына (түсуіне) апаруы мүмкін.
Суретте кеуденің оң жағы өкпе тінінен тыс орналасқан ауаға толған. Осыған байланысты зақымданған жақтағы өкпенің суреті сау жаққа қарағанда ашық түсті.
Бұл жағдай адамның кеуде қуысына оқ немесе пышақ тигенде, қабырға зақымданғанда немесе хирургиялық араласу кезінде байқалады.
Өкпе коллапсының пайда болу қаупі өкпенің келесі ауруларында артады:
- Астма
- ХОБЛ (өкпенің созылмалы обструктивті ауруы)
- Муковисцидоз (тұқым қуалайтын ауру)
- Туберкулез
- Көкжөтел
Сирек жағдайда өкпенің ішінара коллапсы себепсіз өтеді, мұндай жағдай өздігінше коллапс аталады. Бұл жағдайда плевраның және өкпенің тұтастығының кенеттен бұзылуы, ауаның өкпеден плевра қуысына өтуі байқалады. Бойы ұзын, арық адамдарда, сондай-ақ, темекі шегетін адамдарда өкпенің ішінара коллапсы жиірек кездеседі.
Аурудың жиі кездесетін симптомдары:
- Кеудедегі жіті ауырсыну, терең тыныс алғанда немесе жөтелгенде күшейеді
- Ентігу
Таралған пневмоторакстың (өкпенің маңындағы үлкен бөлікті қамтитын пневмоторакс) күрделі симптомдары болады:
- Қандағы оттегінің жеткіліксіздігі салдарынан терінің көкшілденуі (цианоз)
- Кеуденің қысылу сезімі
- Шаршау
- Жүрек соғуының жиілеуі
өкпенің ішінара коллапсы кезінде пайда болуы мүмкін басқа симптомдар:
- Мұрын ұшының кеңеюі
Аускультациия кезінде (фонендоскоптың көмегімен өкпені тыңдау) пневмоторакс жағында тыныс алудың болмауы немесе әлсіреуі анықталады. Сондай-ақ, науқаста төмен артериалдық қысым байқалуы мүмкін.
Дәрігер келесі зерттеулерді өткізеді:
• артериялық қанның газдық құрамын талдау – қандағы газдың мөлшерін анықтау арқылы тыныс алу қызметін бағалаудың аса дәл әдісі (оттегіні, көмір қышқыл газын). Әдістің мәні – организмнің оттегімен қанығуын және тыныс алу жеткіліксіздігін анықтау. Пневмотораксқа шалдыққан адамдарда әдетте, оттегінің деңгейі төмен, ал көмірқышқыл газының деңгейі – жоғары.
• кеуде қуысының рентгенографиясы
Кеуде қуысының рентген суретінде оң өкпенің ішінара түсуі (ішінара коллапс)байқалады. Зақымданған оң жақтағы өкпенің суреті сау жаққа қарағанда ашық түсті және кішірек.
Алғашқы жәрдем:
Пневмоторакс кезінде жедел жәрдем келгенге дейін кеуде қуысының ашық жарасына өтпейтін, герметикалық таңғышты тарту қажет. Ол үшін клеенканы, полиэтилен пленканы, қалың мақта-дәке таңғышты қолдануға болады.
Медицина қызметкерлеріне білікті көмек:
Шағын пневмоторакс кезінде оттегі және демалыс қажет болады.
Күрделі жағдайда өкпе жеңіл жайылып, жазылуы үшін дәрігер пункция жасайды (өкпе маңайындағы ауаны жою үшін инемен тесу).
Науқаста өкпенің ауыр ішінара коллапсы байқалса, қабырға мен өкпе арасындағы аумаққа арнайы өкпе түтігі енгізіледі, ол артық ауаны шығарып, ағзаның жайылып, жазылуына мүмкіндік береді, бұл жағдайда ауруханаға жату қажет болады. Өкпе түтігін науқастың организмінде бірнеше жылға қалдыруға болады.
Кейбір жағдайда пневмотораксты емдеу және аурудың қайталануының алдын алу үшін хирургиялық көмек қажет болады. Ауасы шығатын аумақты бітеу қажет, бұл жағдайда қуысты арнайы химиялық заттекпен толтырады, бұл тіннің тыртықтануын үдетеді. Бұл процедура плевродез аталады.
Аурудың қайта пайда болу ықтималдығы артады, егер:
- Адам ұзын және арық болса
- Темекі шегетін болса
- Бұрын қос өкпенің (оң және сол) ішінара коллапсы болса
- өкпенің қайталанған коллапсы
- Шок (қан айналым, тыныс алу, жүйке жүйесінің өмірлік маңызды ағзаларының қызметтерінің күрт бұзылуы)
Дәрігерге көрініңіз, егер өкпенің ішінара коллапсының симптомдары байқалса немесе бұрын осы аурумен ауырсаңыз.
Пневмоторакстың алдын алудың арнайы әдістері жоқ. Өкпе ауруларында заманауи емдік-профилактикалық іс-шараларды өткізу ұсынылады, сондай-ақ, аурудың пайда болу қаупін азайту үшін темекі шегуді қою қажет.