Омыртқа бағаны каналының стенозы
Мазмұны
Жалпы ақпарат
Омыртқа бағаны каналының стенозы – омыртқа бағаны каналының тарылуы, ол жұлынға қысым түсуі немесе омыртқалар арасындағы саңылаудың тарылуы салдарынан болады.
Омыртқа бағаны каналының стенозы - омыртқа бағанының бел немесе мойын бөлімінің тарылуы. Стеноз нерв түбіртектерінің қысылуына және аяқтағы ауырсынудың және әлсіздіктің пайда болуына апаруы мүмкін. Қабынуды азайту үшін дәрілер немесе стероидтық препараттардың инъекциялары тағайындалады. Консервативтік емдеу әдістерінің тиімсіздігі жағдайында хирургиялық операция өткізіледі, ол нервтерге түсетін қысымды азайтуға бағытталады.
Себептері
Омыртқа бағаны каналының стенозы әдетте, егде жастағыларда кездеседі. Жұлын мен омыртқа бағаны каналының қабырғасының арасында кеңістік орналасқан, ол жұмсақ майлы талшыққа және жұлын сарысуына толған. Жас өте келе осы кеңістік бұзылысқа және кебуге ұшырайды, сондай-ақ, артриттің салдарынан омыртқа бағаны сүйегінің және байламдардың қалыңдауы орын алады.
Омыртқа бағаны каналының стенозы, сондай-ақ, келесі жағдайлардан туындайды:
• Омыртқа бағанының артриті, әдетте, егде жастағы және орта жастағы адамдарда кездеседі
• Педжет ауруы және ахондроплазия секілді сүйек аурулары
• туа біткен стеноз, омыртқа бағанының анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты
• омыртқа аралық дискілердің жарығы немесе ауытқуы
• нерв түбіртектеріне немесе жұлынға қысым түсіретін жарақаттың болуы
• омыртқа бағанының ісіктері.
Симптомдары
Аурудың симптомдары уақыт өте келе нашарлауы мүмкін. Симптомдар, көбінесе, дененің бір жағында пайда болады, бірақ, екі аяқты да зақымдауы мүмкін.
Симптомдарына жатады:
• арқаның, бөксенің, сирақтың немесе мойындағы, иықтағы, білектегі жансыздану, құрысу немесе ауырсыну
• қолдағы немесе аяқтағы әлсіздік
Көбінесе, симптомдар тік тұрған жағдайда немесе жүргенде пайда болады немесе нашарлайды. Олар отырғанда немесе алға еңкейгенде азаяды немесе жойылады. Науқастардың көпшілігі ұзақ жаяу жүруді көтере алмайды.
Бұл ауруға шалдыққандар велосипедті жүргізгенде жеңіл ауырсынуды сезінеді.
Күрделі симптомдарына жатады:
• тепе-теңдіктің және жүрістің бұзылуы
• несептің немесе нәжістің ұстамауы
Диагностика
Қарау кезінде дәрігер ауырсынудың тұсын табуға тырысып, қозғалысқа әсерін анықтайды. Дәрігер Сізден өтінеді:
• Отыруды, тұруды және жүруді.
• Өкшеге, аяқтың ұшына тұруды.
• Алға, артқа және жан-жаққа иілуді.
• Арқаға жатып, аяқты тік көтеруді.
Егер бұл кезде ауырсыну күшейетін болса, аяқта жансыздану және шаншу болса, бел- сегізкөз радикулиті болуы мүмкін.
Дәрігер күшіңізді және аяқты қозғалту, тізені бүгу-жазу қабілетін бағалайды.
Жүйке жүйесін тексеруде рефлекстерді тексеру үшін дәрігер резеңке балғаны қолданады. Сезімталдықты тексеру теріге ине тигізумен, мақта тығынмен немесе қауырсынмен анықталады. Дененің қай жерінде сезіну аздығын айту қажет.
Миды және жүйке жүйесін зерттеу аяқтағы әлсіздікті және сезімталдықтың төмендеуін растайды. Келесі зерттеулер өткізілуі мүмкін:
• Электромиография
• омыртқа бағанының МРТ немесе КТ
• омыртқа бағанының рентгенографиясы.
Емдеу
Белдегі ұдайы және кейде күшейетін ауырсынуда үй жағдайындағы күтім және ауырсынудың қайталанатын көріністерінің алдын алу хирургиялық емдеуге жүгінбеуге көмектесе алады.
Емдеуші дәрігер науқасты ауырсынумен күресуге және салауатты өмір салтын ұстануға үйретеді.
• Дәрігер физиотерапияны тағайындайды. Физиотерапевт ауырсынуды азайтатын арнайы дене жаттығуларын орындауға кеңес береді. Мойын бұлшық еттерін нығайтатын жаттығуларды орындауды көрсетеді.
• Массаж және ине салу да ұсынылады. Кейде олардың бірнеше сеансы арқадағы және мойындағы ауырсынуды азайтуға көмектеседі.
• салқын компресс және жылу басу асқыну кезіндегі ауырсынуды азайтады.
• Арқадағы және белдегі ауырсынуда қолданылатын көптеген препараттар бар.
Ауырсыну өмірге күшті әсер етсе, психологпен кеңесу қажет. Емдеудің бұл түрі ауырсынуды түсіне білуге және онымен күресуге көмектеседі.
Хирургиялық емдеу
Егер ауырсыну консервативтік емдеуде жойылмаса, сезімталдықтың төмендеуінде және қозғалудың қиындауында хирургиялық операция жасау қажет. Операция нервтерге немесе жұлынға қысым түсіруді азайту мақсатында өткізіледі.
Дәрігермен кеңесіп, операцияның күнін белгілеу қажет.
Уақыт өткенде омыртқа бағаны каналы стенозының симптомдары күшейеді, бұл ұзақ уақыт ішінде орын алады.
• Ұзақ уақыт бойы белі ауыратын адамдар операцияны өткізгеннен кейін толығымен ауырсынудан толық құтыла бермейді. Спондилодез (омыртқаларды және дискілерін тұрақтандыруға бағытталған хиургиялық араласу) ауырсынуды және аурудың қалған симптомдарын толығымен жоймауы мүмкін.
• МРТ және басқа зерттеу әдістерін қолданудың өзінде хирург операциядан кейін жағдайдың жақсаруы туралы болжай алмайды.
Аурудың болжамы
Жұмысқа және тіршілікке өзгеріс енгізіп, омыртқа бағаны каналы стенозына шалдыққан көптеген адамдар ұзақ жылдар бойы белсенді өмір салтын ұстана алады.
Омыртқа бағанындағы операция аурудың симптомдарын ішінара немесе толығымен жояды. Ұзақ уақыт бойы белі ауыратын адамдар операцияны өткізгеннен кейін толығымен ауырсынудан толық құтыла бермейді. Спондилодез (омыртқаларды және дискілерін тұрақтандыруға бағытталған хиургиялық араласу) ауырсынуды және аурудың қалған симптомдарын толығымен жоймауы мүмкін.
Операциядан кейін омыртқа бағаны жағынан асқыну пайда болуы мүмкін. Ұстағыш немесе бандаж қолдану қажет. Болашақта бірнеше операция (ламинэктомия және спондилодез) өткізгенде асқынулар қаупі жоғары.
Мүмкін асқынулары
Сезімталдықтың болмауы аяқтың зақымдануына апаруы мүмкін. Ауырсынуды сезінбегендіктен, инфекция қосылуы мүмкін. Нервтерге қысым түсуінен болған өзгерістер ұдайы болуы мүмкін, қысымды азайту шараларын орындағанның өзінде.
Қашан дәрігерге көріну қажет
Омыртқа бағаны каналының стенозының симптомдарында медициналық көмекке жүгіну қажет. Мұқият қадағалауды қажет ететін күрделі симптомдар келесідей:
• тепе-теңдіктің бұзылуы және жүрістің тұрақты еместігі
• несептің немесе нәжістің ұстамауы.
Синонимдары
Псевдо-ақсау; Омыртқа бағаны каналының орталық стенозы; арқа стенозы; Омыртқа бағаны каналының фораминалдық стенозы; омыртқа бағанының бұзылысты ауруы.