Ортан жіліктің ұшының эпифизиолизі
Мазмұны
Жалпы ақпарат
Ортан жіліктің ұшының эпифизиолизі – ұршықбуынның ұшының өсудің жоғарғы аймағы деңгейіндегі ортанжіліктен бөлінуі.
Себептері
Ортан жіліктің ұшының эпифизиолизі екі жақты болуы мүмкін.
Эпифиз – түтікті сүйектің негізгі бөлігінен өсу аймағымен бөлінген ұшы. Бұл ауру кезінде сүйектегі мәселе оның өсетін жоғарғы бөлігінде пайда болады.
Ортан жіліктің ұшының эпифизиолизі, шамамен, 100 мың баланың 2-де кездеседі. Ол жиі кездеседі:
- 11-15 жастағы өсу үстіндегі балаларда, әсіресе, ұлдар арасында
- Семіздікке шалдыққан балаларда
- Тез өсу үстіндегі балаларда.
Басқа аурулардан туындаған гормондық бұзылыстары бар балалар ортан жіліктің ұшының эпифизиолизінің пайда болуының ерекше қаупіне ұшырайды.
Симптомдары
- Жүрудегі мәселелер, ақсау
- Тізедегі ауырсыну
- Жамбастағы/сандағы ауырсыну
- Жамбастағы/сандағы ширығу
- Аяқтың сыртқы жаққа бұрылуы
- Жамбастың қозғалуының шектелуі
Диагностика
Дәрігер немесе медбике тексеруді өткізеді. Диагнозды нақтылау үшін жамбастың/санның рентгені тағайындалады.
Емдеу
Сүйекті шыбықтың немесе винттің көмегімен тұрақтандыру бойынша операция буын қуысынан ұшының жылжып, шығып кетпеуіне көмектеседі. Кейбір хирургтер екінші жамбасты да тұрақты етуді ұсынады, себебі, көптеген балаларда кейіннен онда мәселе пайда болады.
Болжамы
Дұрыс және уақытылы емдеуде болжамы әдетте оң болады. Дегенмен, сирек жағдайда аурудың ерте анықталуы және емдеуге қарамастан, ұршықбуын қажалуы мүмкін.
Мүмкін асқынулары
Ортан жіліктің ұшының эпифизиолизі болашақта остеоартриттің пайда болу қаупімен қосарланады. Басқа әлеуетті, бірақ, сирек асқынулары – ұршықбуын маңындағы аумақта қан ағымының бұзылуы және буын тіндерінің тез тозуы.
Қашан дәрігерге көріну қажет
Егер балада ұдайы ауырсыну және осы аурудың симптомдары кездесетін болса, баланы жатқан күйде дереу дәрігерге жеткізу қажет.
Алдын алу
Семіздікке шалдыққан балаларда салмақты бақылау пайдалы болады. Көпшілік жағдайларда аурудың алдын алуға келмейді.
Синонимдары
Жамбастың/санның эпифизиолизі.