.

Ортостатикалық коллапс | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Ортостатикалық коллапс

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Аурудың болжамы

Мүмкін асқынулары

Қашан дәрігерге көріну қажет

Алдын алу

 

Жалпы ақпарат

Ортостатикалық коллапс немесе ортостатикалық гипотензия – дене орналасуының көлденеңнен тік күйге күрт өзгеруінде алғашқы үш минутта болатын артериалдық қысымның (АҚ) төмендеуі.

 Бұл жағдай артериалдық қысымның төмендеуі салдарынан миға қан келуінің жеткіліксіздігінен пайда болады. Көбінесе, ортостатикалық гипотензия тамыр ширақтығы әлсіреген адамдарда пайда болады.

Себептері

Ортостатикалық коллапс қанның миға жеткіліксіз түсуінен, жүректің дене орналасуының өзгерісіне серпінінің жеткіліксіздігінен және артериалдық қысымның түсуінен туындайды. Сондай-ақ, ортостатикалық гипотензия организмде судың күшті жоғалтылуынан – дегидратациядан, қан кетуінде немесе несеп айдайтын заттектердің (диуретик)  әсерінен пайда болуы мүмкін.

Ортостатикалық коллапс ұзақ уақыт төсек тартудан, кейде анемияға шалдыққан науқастарда пайда болуы мүмкін.

Симптомдары

·         Бас айналуы

·         Бас ауыруы

·         Жеңіл талма (жүрек айнуы, терінің солғындығы, әлсіздік).

·         Терең талма (тер бөлінуінің артуымен, құрысумен, еріксіз несеп шығарумен қосарланады).

Диагностика

Ортостатикалық гипотензия анықталады, егер науқас 2-5 минут тыныш тұрған кезде келесі белгілер болса:

·       Систоликалық қысымның төмендеуі байқалады (бұл жүректің бірінші естілетін соғуы – тонометрмен өлшегенде ауа айдалған манжеттен ауаны біртіндеп жібергенде)  20 мм-ге және одан артық;

·       Диастоликалық қысымның төмендеуі байқалады (бұл жүректің дыбысының естілуінің тоқтауы – тонометрмен өлшегенде ауа айдалған манжеттен ауаны біртіндеп жібергенде)  10 мм-ге және одан артық;

·       ортостатикалық коллапс, бас айналуы немесе дене орналасуының өзгеруіндегі АҚ төмендеуінің басқа симптомдары.

Емдеу

Емдеу пайда болу себебіне байланысты:

·       аурудың дамуына апаруы мүмкін дәрілік препараттарды қабылдауды тоқтату.

·       Төсектен баяу және біртіндеп тұру қажет, әсіресе, егде жастағы науқастарға және жүкті әйелдерге.

·       Жеңіл дене жаттығулары. Ұзақ уақыт төсек тартқан науқастарға кейде отыру ұсынылады.

·       Тұзды тамақты тұтынуды арттыру. Тағамдық тұзда натрий бар (организмде суды іркілтетін химиялық элемент, оның салдарынан қысым артады). Тұзды тұтыну егде жастағы науқастарға және жүрек-қантамыр жүйесінің ауруы бар адамдарға ұсынылмайды.

·       Эластикалық шұлық кию қажет, егер гипотензия аяқ көктамырының варикоздық кеңеюімен байланысты болса.

Егер ауру созылмалы болса, дәрілерді тағайындау ұсынылады:

·       Адренергиялық препараттар шеткері әрекетті (дене орналасуының көлденеңнен тік күйге күрт өзгеруінде АҚ күрт түсуін болдырмау үшін тамырларды тарылтатын препараттар).

·       Минералокортикоидтар (су-тұз үйлесіміне, осыдан организмдегі АҚ деңгейіне  әсер ететін бүйрек үсті безі қыртысының гормондары). Бұл топ препараттары қанда натрий иондарын іркілтеді, дене орналасуының көлденеңнен тік күйге күрт өзгеруінде АҚ күрт түсуін болдырмау үшін тамырлардың тарылуын арттырады.

·       Стероидты емес қабынуға қарсы құралдар. Шеткері тамырларға тарылту әсерін тигізеді.

·       Бета – адреноблокаторлар. Минералокортикоидтардың және натрийдің (химиялық элемент, организмде суды іркілтеді, осыдан қысым артады) әсерін күшейтеді, сондай-ақ, вегетативті жүйке жүйесінің, тамырлардың ширақтығына әсер етеді.

Аурудың болжамы

Коллапсты туындатқан себепті жою көбінесе, толық сауығуға апарады. Ауыр ауруларда және жіті улануда болжамы көбінесе, негізгі аурудың ауырлығына, тамыр жеткіліксіздігінің дәрежесіне және науқастың жасына байланысты. Қайталанған коллапстарды науқастар ауырырақ көтереді.

Мүмкін асқынулар

·       Талма  - негізгі асқынуы.

·       Инсульт (жіті дамитын ми қан айналымының бұзылысы, ми тінінің зақымдануымен және оның қызметінің бұзылысымен қосарланады) – АҚ өзгеруі салдарынан пайда болады.

·       Құлаудағы жарақаттар – бас айналуы және талма салдарынан.

·       Орталық жүйке жүйесінің зақымдануы, оның ішінде, мидың.

 

Қайталанатын коллапстар мидың айқын гипоксиясына (миға оттегінің түсуінің жетіспеуі), қосарланған неврологиялық аурулардың ушығуына, ақыл-ой бұзылысына (таным қызметінің, зейіннің, есте сақтаудың нашарлауымен көрініс беретін зерделік ауыр бұзылыстар)  апарады.

 

Қашан дәрігерге көріну қажет

Өзіңізде немесе басқа адамда жеңіл немесе терең талма болса, дәрігерге көріну шарт.

 

Алдын алу

Ортостатикалық коллапстың алдын алу үшін келесілер қажет:

·       Тағамды біртіндеп, аздан тұтыну, көмірсуларды шектеумен, әсіресе, ортостатикалық коллапс тамақтан кейін орын алатын науқастарға ұсынылады.

·       дене орналасуын көлденеңнен тік күйге біртіндеп өзгерту, әсіресе, егер ортостатикалық гипотензия күрт тұрудан кейін пайда болатын жағдайда.

·       Ұдайы орташа дене жаттығулары – таза ауада, егер ортостатикалық гипотензия вегетативті жүйке жүйесінің әлсіздігі салдарынан дамыған болса. Бұл әсіресе, ортостатикалық гипотензия ұстамасы уақытша болатын және жасы өсіп, жүйке жүйесі нығайғанда өтетін балаларға қатысты.

·       ортостатикалық гипотензияны туындатқан созылмалы ауруларды бақылау.

 

Ақпарат көзі: АҚШ Ұлттық денсаулық институттарының мәліметтер қоры: http://www.nlm.nih.gov/medlineplus/

Материалды дайындағандар: Айгерим Чегебаева, HealthСity жобасының дербес үйлестірушісі;  Ирина Гончарова, HealthСity жобасының дербес үйлестірушісі.

Редакциялық алқа:

Алмаз Шарман, медицина профессоры

Ләзат Ақтаева, м.ғ.д.

Шыңғыс Жұмағұлов, zdrav.kz порталының контент-менеджері.

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.