Остеомаляция
Анықтамасы
Себептері
Симптомдары
Диагностикасы
Емі
Ағымы
Болжамды асқынулары
Дәрігерге қашан қаралу керек
Профилактикасы
Остеомаляция – Д витаминінің жеткіліксіздігінен сүйектердің жұмсаруы немесе ағзаның Д витаминін сіңіре және пайдалана алмауы.
Себептері
Остеомаляция кезінде сүйектер жұмсарады, бірақ ағзаның сүйектік массасын құрайтын коллагеннің қалыпты мөлшері сақталады. Дегенмен, науқастың сүйектерінде кальций мөлшерінің жеткіліксіздігі байқалады.
Остеомаляцияның көптеген себептері бар. Ауру балаларда байқалған кезде, ол рахит деп аталады және ағзада Д витаминінің төмен деңгейімен байланысты болады.
Остеомалияға әкелетін басқа себептерге мыналар жатады:
- тағамдағы Д витаминінің жетіспеушілігі
- ағзадағы Д витаминін өндіруге ықпал ететін күн сәулесінің жетіспеушілігі
- ішекте Д витаминінің сіңірілуінің бұзылуы
Д витаминінің жетіспеушілігіне әкеледі:
- Күннің көзінде өте сирек болу
- Күндізгі уақытты қысқарту
- Түтін
- Күннен қорғайтын аса күшті кремді қолдану
Қарт адамдарда және тамақтану рационынан сүтті шектеген адамдарда остеомаляцияның пайда болу қаупі жоғары.
Остеомалияға әкелетін басқа ауруларға мыналар жатады:
- Рак
- Д витаминінің алмасуы бұзылуы
- Бүйрек жетіспеушілігі және ацидоз
- Рационда жеткілікті фосфаттардың болмауы
- Бауыр аурулары
- Тырысуды емдеу үшін (тырысуғақарсы препараттар) қолданылған кейбір дәрілік заттардың жанама әсерлері
Симптомдары
Аурудың симптомдары негізінен ағзадағы кальцийдің төмен деңгейімен байланысты. Аурудың симптомдары:
- Ауыз айналасында ұю сезімі
- Аяқ-қолдардың ұюы
- Қол мен аяқтың құрысуы
Диагностикасы
- Қан анализі Д витаминін, креатинин, кальций және фосфат деңгейін тексеру үшін жасалады.
- Сүйек биопсиясы сүйек тінінің жұмсарғанын көрсетеді.
- Сүйек рентгені мен сүйек қаттылығына тест жалған сызаттарды, сүйек тінінің жоғалуын және сүйек тығыздығыныңазайғанын анықтауға көмектеседі.
Науқастабүйрек ауруларын бар-жоғын анықтау үшін немесе аурудың қандай да бір басқа себептермен шақырылғанын анықтау үшін басқа да анализдер жасауға болады.
Қосымша анализдерге жатады:
- Сілтілі фосфотазаға (СФ)анализ
- Қалқаншамаңы безінің гормонына анализ
Емі
- Еміне Д витаминін, кальцийді, фосфорлытағамдық қоспаларды қабылдау жатады. Ішекте Д витаминінің сіңірілуі бұзылған адамдар, Д витаминінің және кальцийдің үлкен мөлшерін қабылдау керек.
- Басқа да ауруларға ұшыраған адамдар қандағы фосфор мен кальцийдің деңгейін үнемі бақылап отыру керек.
Ағымы
Витаминдердің жетіспеушілігінен зардап шеккен кейбір адамдар бірнеше апта ішінде емнің әсерін сезінеді. Толық қалпына келу 6 ай ішінде болу керек.
Болжамды асқынулары
Симптомдары қайталануы мүмкін
Дәрігерге қашан қаралу керек
Остеомалия симптомдары байқалған жағдайда дәрігерге қаралыңыз.
Профилактикасы
Д витаминіне бай тағамдарды қабылдау және күннің көзінде болу ағзаны аурудан қорғайды.
Аударған: Дүйсенова Жаңылсын Бекқалиқызы