Остеомиелит
Мазмұны
Остеомиелит – сүйектің инфекциясы, бактериялардан немесе басқа микроорганизмдерден туындайды.
Остеомиелит – сүйектің инфекциясы. Көбінесе, инфекция басқа көзден шығады және қан арқылы сүйекке таралады. Остеомиелит бактериялардан немесе зеңдерден туындайды.
Сүйектің жұқпалануы көбінесе бактериялардан болады, сирек - зеңдерден немесе басқа микроорганизмдерден болады.
Бактериялар сүйекке зақымданған теріден, жақындағы бұлшық еттен немесе сіңірлерден таралуы мүмкуін. Терідегі жаралар мен ойық жаралар арқылы берілуі мүмкін.
Инфекция дененің басқа бөлігінінен шығып, қанмен таралып, сүйектің жұқпалануына апаруы мүмкін.
Сондай-ақ, жұқпалану сүйекке хирургиялық операциялардан кейін де орын алуы ықтимал. Бұл көбінесе, сүйекке метал білік және пластина енгізгенде орын алады.
Балаларда остеомиелитке қол мен аяқтың ұзын сүйектері, ересектерде – аяқтың, омыртқаның және жамбастың сүйектері ұшырайды.
Қауіп факторлары :
· Диабет
· Гемодиализ
· Қанмен нашар қамтамасыз етілу
· Жарақаттардан кейін
· Тыйым салынған есірткілік заттектерді енгізу
Остеомиелитке шалдығу қаупі көк бауыры алынған адамдарда жоғары болады.
· Сүйектегі ауырсыну
· Дене температурасының артуы
· Жалпы дімкәстану, әлсіздік
· ісіну, қызару және жергілікті температураның артуы
· қалтырау
· тершеңдік
· бел аумағындағы аурысыну
· буындар мен аяқтың ісінуі.
Қарау барысында зақымданған аумақта ісіну мен қызару анықталады.
Тексеруге келесі әдістер жатады:
· қан өсіндісін бактерияға тексеру
· сүйек Биопсиясы
· сүйек Рентгенографиясы
· Қанның жалпы талдауы
· С-реактивті ақуызды анықтау (СРБ)
· эритроциттердің шөгу жылдамдығын (СОЭ) анықтау
· Сүйек МРТ
· Жұқпаланған сүйектің маңындағы жиналған сұйықтыққа пункция.
Емдеудің мақсаты – инфекцияны жою және сүйектіжәне қоршайтын тіндердің зақымдануын азайту.
Жұқпамен күресте антибиотиктер қолдану. Антибиотиктердің бірнеше тобын қолдануға болады.
Көбінесе, антибиотиктер вена арқылы енгізіледі.
Антибиотиктермен емдеу курссы 4-6 аптаға жуық болады.
Емдеудің тиімсіз болуында тіршілігін жойған сүйек тінін алып тастау үшін хирургиялық операция қажет болады.
Жұқпаланған сүйекке метал пластина қойылған болса, оны алып тастау қажет.
Сүйек тінін алып тастағаннан кейін қалған кеңістік трансплантатпен немесе басқа арнайы материалмен алмастырылады. Аталған әрекеттер жаңа сүйек тінінің өсуіне ықпал етеді.
Буынды протездеуден кейін болған жұқпалану жұқпаланған тінді алып тастау және жаңа протезге алмастыру операциясына мұқтаж болады. көбінесе, дәрігерлер буынды қайтадан толық протездеу орындалғанға дейін толық жазылуды күтеді.
Диабетке шалдыққан болсаңыз, ауру ұдай бақылауда болуы тиіс. Жұқпаланған аумақтыың қан айналымын жақсарту және емдеу үшін хирургиялық операция қажет болуы мүмкін.
Уақытылы емдеуде аурудың болжамы, әдетте, оңтайлы.
Созылмалы остеомиелитке шалдыққандар үшін болжамы аса оңтайлы емес. Аурудың симптомдары көптеген жылдар бойы пайда болып отыруы мүмкін, хирургиялық операция жасалғанның өзінде. Диабетке шалдыққан және қанмен нашар қамтамасыз етілген науқастарда аяқтың ампутациясы болуы мүмкін.
Жасанды протездің жұқпалануында болжамы келесі факторларға байланысты:
· Науқастың денсаулық жағдайы
· Инфекцияның түрі
· Протезді тез және қауіпсіз алу мүмкіндігі.
Қашан дәрігердің көмегіне жүгіну қажет
· Остеомиелиттің симптомдары болуында
Өткізілген емдеуге қарамастан, остеомиелиттің симптомдары тоқтамайтын болса.
Source: http://www.nlm.nih.gov/medlineplus/ency/article/000437.htm