.

Отосклероз | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Отосклероз

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Болжамы

Мүмкін асқынулары

Қашан дәрігерге көріну қажет

Синонимдары

 

Жалпы ақпарат

Отосклероз – ортаңғы құлақта сүйектің ауытқулы өсуімен байланысты, саңыраулыққа апаратын ауру.

Құлақ сыртқы, ортаңғы және ішкі бөлімдерден тұрады. Сыртқы құлақ қалқанынан және сыртқы есту каналынан тұрады. 

 

Себептері

Отосклероздың пайда болу себептері белгісіз. Дегенмен, аурудың тұқым қуалау сипаты туралы дәлелдер бар.

Отосклерозға шалдыққан адамдардың ортаңғы құлағындағы кеуекті сүйектің ауытқулы өсуі байқалады.  Бұл дыбыс толқындарының түсуіне жауап ретінде есту сүйегінің вибрациясын (тербелісін) шектейді. Мұндай тербеліс-толқындар есту үшін қажет.

Отосклероз – жастардың арасында кездесетін саңыраулықтың кең таралған себебі.  Ауру, әдетте ересек өмірдің ерте кезеңінде басталады. Ол ерлерге қарағанда әйелдерде жиі кездеседі. Дерт үрдісі екі құлақты да қамтуы мүмкін.

Бұл аурудың пайда болуының қауіп факторларына жүктілік және бір отбасы мүшелерінің естімей қалуы жатады.  Басқа этникалық топтарға қарағанда еуропа нәсілінің адамдары бұл аурудың дамуына бейімірек келеді.

 

Симптомдары

  • Естімей қалу (біртіндеп ушығады)

  • Құлақтың шыңылдауы 

  • Бас айналуы

 

Диагностика

Құлақтың естуінің жітілігін анықтау үшін жасалатын тест (аудиометрия /аудиология) естімеудің дәрежесін анықтауға көмектеседі.

Естімеудің басқа себептерін ескеру үшін тексерудің арнайы көрнекі ету әдісі қолданылады, бұл – самай сүйегінің  компьютерлік томографиясы.

 

Емдеу

Отосклероз баяу дамуы мүмкін. Ауруды естуде мәселелер пайда болғанға дейін емдеудің қажеті жоқ.

Фторид, кальций немесе D дәрумені секілді дәрілік препараттар естуді жоғалтуды бәсеңдетуі мүмкін, бірақ, олардың тиімділігі осы уақытқа дейін дәлелденбеген.

Естуді жоғалтуды түзету үшін есту аппараты қолданылуы мүмкін. Бұл ауруды емдемейді, оның ушығуын да тоқтатпайды, бірақ, естудің бұзылысына байланысты жайсыздықты жеңілдетуге көмектеседі.

Үзеңгісүйектің (есту сүйегі) бөлігін алып тастау бойынша хирургиялық операция және оны протезге алмастыру кондуктивтік саңыраулықты емдей алады. Үзеңгі сүйекті толығымен алып тастау  стапедэктомия аталады. Кейде оның бөлігі ғана алынып, төменгі бөлігінде шағын саңылау жасалады. Бұл стапедотомия аталады. Кейде операция лазердің көмегімен жасалады.

 

Болжамы

Отосклероз емделмесе, біртіндеп, ушығады. Хирургиялық араласу естуді қалпына келтіруге көмектеседі. Бас ауруы мен айналуы операциядан кейін бірнеше апта ішінде өтеді.

Операциядан кейінгі асқынулардың пайда болу қаупін азайту үшін келесі ұсыныстарды орындаңыз:

  • Операциядан кейінгі 2-3 апта ішінде сіңбірмеңіз.

  • Респираторлық немесе басқа инфекцияға шалдыққан адамдардан алшақ жүріңіз.

  • Еңкеюден, созылудан немесе ширығудан  алшақ болыңыз, бұл бас айналуын туындатуы мүмкін.

  • Шулы дыбыстардан немесе қысымның күрт өзгерісінен алшақ болыңыз. Операциядан кейін қалыпқа келгенше тереңге сүңгумен айналыспаңыз, тауда көлік жүргізбеңіз, ұшақпен ұшпаңыз.

Операцияның әсері болмаса,  естуды толығымен жоғалту орын алуы мүмкін. Мұндай науқастар саңыраулығын есту аппаратының көмегімен меңгеруге үйрету қажет, олар дыбыстарды сау құлақтан ауру құлаққа береді.

 

Мүмкін асқынулары

  • Толық саңыраулық

  • Ауызда әдеттегідей емес дәмнің пайда болуы

  • Операциядан кейінгі инфекция, бас айналуы, құлақтағы ауырсыну және тромб түзілуі

  • Нервтердің зақымдалуы

 

Қашан дәрігерге көріну қажет

Келесі жағдайларда дәрігерге барыңыз:

  • Естімей қалсаңыз
  • Оперативтік  емдеуден кейін қызба, бас айналуы, құлақтағы ауырсыну болса.

 

Синонимдары

Отоспонгиоз; Стапедэктомия

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.