Овуляция
Мазмұны
Овуляция бірізді гормондық үрдістердің салдарынан болады. мида орналасқан гипофиз ФСГ (фоликул түзілуін ынталандыратын гормон) және ЛГ (лютеиндейтін гормон) гормондарын бөледі, олар қан ағынымен аналық безге түседі.
Бұл гормондар аналық бездің біреуінде ұрық жасушаның жетіліп, босатылуына белгі береді.
Талшықтардың қозғалуы ұрық жасушасына жатыр түтікшесі арқылы жатырға өтуіне көмектеседі. Ұрық жасуша сперматозоидпен ұрықтанады немесе ұрықтанбаған болса, ыдырайды.
Овуляцияға үйде тест өткізу әйелдерге етеккір айналымы кезінде жүкті болуының жоғары мүмкіндігін анықтауға көмектеседі.
Тест несепте ЛГ (лютеиндейтін гормон) артуын анықтайды. Бұл гормонның артуы аналық без ұрық жасушасын бөлгендігін білдіреді. Үй жағдайында бұл тест ұрық жасушаның қашан босатылып шығуын анықтау үшін қолданылады. Бұл тестілер көптеген дәріханаларда сатылады.
Овуляцияны анықтайтын жиынтық 5-7 тестілік жолақтармен біріледі. Олар бірнеше күн бойы ЛГ деңгейінің көтерілуін анықтауға қажет. Тестіні бастау күні етеккір айналымының ұзақтығына байланысты. Мысалы, қалыпты айналым 28 күн болса, ЛГ деңгейін етеккір басталғаннан кейін 11-ші күні тексеру қажет. Тест жолаққа несеп тамызу қажет, немесе тест-жолақты зарасыз ыдысқа жиналған несепке салу керек.
Тест-жолақ белгілі бір түске боялады немесе басқа оң нәтиже береді, егер гормонның көтерілуі анықталса.
Оң нәтиже дегеніміз – овуляция жуырдағы 24-36 сағат ішінде болатындығын білдіреді, бірақ, бұл нәтиже барлық әйелдерде бірдей сенімді болмайды. Жиынтыққа кіретін нұсқаулықта нәтижелерді қалай түсіндіруге болатындығы айтылады. Тесті уақытылы жасалмаса, овуляцияны өткізіп аласыз. Етеккір айналымы тұрақты болмаса да гормонның көтерілуін анықтай алмайсыз.
Тестіні қолдану алдында көп сұйықтық ішуге болмайды.
Тестіні қолдану алдында кейбір дәрілерді ішуді тоқтату қажеттігі туралы дәрігерден сұраңыз.
ЛГ көрсеткішін төмендетуі мүмкін препараттардың құрамында эстроген, прогестерон, тестостерон болады. Эстрогендер мен прогестерон ұрықтануға қарсы таблеткаларда және гормонды алмастыру емдеуінде болады.
Кломифен цитраты (Кломид) препараты ЛГ деңгейін көтеруі мүмкін. Бұл препарат овуляцины шақыруға көмектесу үшін қолданылады. Бұл препаратты қабылдайтын әйелдер дәріні қабылдауды тоқтатқаннан кейін үш күн өткенде ЛГ тексеруіне болады.
Бұл тест әйелдерге овуляцияның уақытын анықтау үшін қажет. Етеккір айналымы 28 күнді құрайтын әйелдерде бұл 11-14 күндер аралығында. Егер етеккір айналымы тұрақты болмаса, тест жиынтығы овуляция қашан болатындығын анықтауға көмектеседі.
Овуляцияны анықтау кейбір дәрілердің мөлшерлемесін таңдау үшін де қажет.
Оң нәтиже «ЛГ көтерілуін» көрсетеді. Бұл жуыр уақытта овуляция болатындығының белгісі.
Сирек, жалған теріс нәтижелер болуы мүмкін. Бұл тест жиынтығы овуляцияны қате анықтағандығын білдіреді.
Егер ЛГ көтерілуін анықтай алмасаңыз немесе жиынтықтың көмегімен бірнеше ай бойы овуляцияны анықтап, жүкті бола алмасаңыз, дәрігермен кеңесіңіз. Мүмкін, сізге бедеулікті емдейтін дәрігердің кеңесі қажет болар.
Source: https://www.nlm.nih.gov/medlineplus/ency/article/007062.htm