.

Паникалық бұзылыс | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Паникалық бұзылыс

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Аурудың болжамы

Қашан дәрігерге көріну қажет

 

Жалпы ақпарат

Паникалық бұзылыс (ПБ) — психикалық бұзылыс, жылына бірнеше реттен күніне бірнеше ретке дейін пайда болатын паникалық шабуылдардың тосыннан пайда болуымен және олардың пайда болуын күтумен сипатталады.

Паникалық бұзылыс (ПБ) –үрейдің немесе қорқыныштың науқас үшін түсініксіз, азапты ұстамасы. Сезілуі бойынша жүректің ұстамасына ұқсайды. Мұндай шабуылдар кез келген уақытта пайда болуы мүмкін, паникалық бұзылыстан (ПБ) зардап шегетін көптеген адамдар осы ұстамалардың қайталануынан қорқады.

Паникалық бұзылыс (ПБ) 25-64 жас аралығында жиірек кездеседі, бұл кезде әйелдердің арасында аурушаңдық жиілігі ерлерге қарағанда 3-4 есе жоғары. Паникалық бұзылыстың (ПБ) пайда болуының маңызды факторы – тұқым қуалауға бейімділігі. Аурудың ұрпақтан ұрпаққа тікелей берілуі жайында мысалдар бар.

 

Себептері

Паника – адамның психикасының және бүкіл организмнің күйзеліске табиғи серпіні, бұл кезде түрлі қорғаныстық бейімделу қызметі іске қосылады (қанға адреналин, күйзеліс гормондары секілді ынталандыратын заттектердің түсуі), олар пайда болған қиындықтарды жеңуге көмектесуге тиіс. Паникалық бұзылысқа (ПБ) ұшыраған адамдарда оргнизмінде осындай заттектердің өздігінше түсуі байқалады, олар қиын жағдайды шешу үшін күш берудің орнына үрейлену мен паникаға апарады.

 

Симптомдары

·      Қорқыныш (өлімнен қорқу, естен айырылудан қорқу)

·      Жүректің жиі соғуы

·      Ауаның жетпеуі

·      Кеудедегі ауырсыну немесе жайсыздық, жүрек айнуы немесе іштегі жайсыздық, бас айналуы немесе бастағы жағымсыз сезіну  және т.с.с. паникалық бұзылыстың түріне және жағдайға байланысты

·      Тершеңдік

·      Қызу немесе қалтырау, артериалдық қысымның өзгеруімен жиі қосарланады

·      Ұйып, жансыздану сезімі (парестезия), шаншу, қысылу сезімі дененің әр жерінде

·      Өтіп жатқан әрекеттің шынайылығын сезінбеу немесе өзінің толыққандылығына сенбеу (жалғандық сезімі, деперсонализация)

·      Ұстамадан кейінгі енжарлық және әлсіздік, несептің жиі жүруімен, нәжістің бұзылуымен жиі қосарланады.

 

Диагностика

Паникалық бұзылыстан (ПБ) зардап шегетін адамдарда әдетте, 10 минутқа жуық болатын, бірақ кейде қысқа мерзімдік (1-5 минут), сондай-ақ, ұзақ (30 минут) болатын паникалық шабуылдардың қарқынды көріністері байқалады, бірақ, үрейлену сезімі 1 сағатқа дейін созылады.

Паникалық шабуылдар түрлі симптомдарымен ерекшеленуі (мысалы, тахикардия (жүрек соғуының жиілеуі), тершеңдік, бас айналуы, ентігу, дірілдеу, бақылауға келмейтін қорқу ) немесе біркелкі болуы да мүмкін.

Науқастардың бір бөлігінде мұндай жағдайлар ұдайы – кейде күнделікті немесе апта сайын байқалады.

Паникалық шабуылдардың сыртқы симптомдары қолайсыз әлеуметтік салдарға жиі апарады (мысалы, ұялу, қоғамдық қабылдамау, әлеуметтік оқшаулану, т.б.).

Паникалық бұзылыстың (ПБ) ауырлығын анықтау үшін арнайы шкала қолданылады; бұл сауаланама түрінде де болады.

 

Емдеу

Паникалық бұзылысты (ПБ) емдеудің негізгі әдістері – психикалық емдеу (психотерапевт-маманның науқастың психикасына әсер етуі және дәрі-дәрмекпен емдеу (психофармакология).

Дұрыс тәсілдер қолданылса, ауру емдеуге келеді. Әр науқас үшін жеке емдеу жоспары қажет, оны емдеуші дәрігермен бірге құру қажет.

Психикалық  емдеу тұрғысынан паникалық бұзылыстың негізгі себебі – іштей психологиялық қақтығысқа ұшырау, оларды сыртқа шығара алмау, түрлі себептердің әсерінен шешілмеуі және оларды адамның саналы түрде қабылдай алмауы. Психотерапевтінің немесе психологтың көмегімен психологиялық мәселені саналы түрде қабылдауға, оны шешу тәсілдерін табуға, психологиялық қақтығысты шешуге тырсуға болады.

 

Аурудың болжамы

Кейбір науқастарда паникалық бұзылыстар ұзақ уақыт орын алып, емделмеуі мүмкін. Алайда, емдеу басталғанда көпшілік адамдар жағдайының жақсаруын сезінеді.

Паникалық  бұзылыстан зардап шегетін адамдар сондай-ақ, ұшырауы мүмкін:

·      Алкогольді тым көп қабылдауға;

·      Жұмыс қабілетінің төмендеуіне;

·      Жеке қарым-қатынастың ауырлауына, мысалы, отбасындағы мәселелер;

·      Оқшаулану.

 

Алдын алу

Паникалық шабуылдарды психикалық емдеуде релаксация (босаңсу) және көңіл-күйді өздігінше реттеу  (медитация, аутотренинг) маңызды роль атқарады.

Егер сізде паникалық бұзылыстың симптомдары болса, келесі алдын алу шараларын орындап көріңіз:

·      Алкогольді сусындарды тұтынуды тоқтатыңыз;

·      кофеин секілді ынталандыратын заттектерді тұтынуды тоқтатыңыз;

·      өмір салтын өзгертіңіз: көбірек демалыңыз, спортпен айналысыңыз, шамадан артық, көп жұмыс істемеңіз, күйзелістен алшақ болыңыз. 

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.