Панкреатит
Панкреатит – ұйқыбезінің қабынуы. Бұл іштің жоғарғы аймағында орналасқан, инсулин және асқорыту сөлдерін бөлетін мүше.Панкреатит кенеттен іш аймағындағы белдемелі ауыру сезімімен,жүрек айнумен,құсумен және қызбамен көрінуі мүмкін.
Панкреатит дамуының ең жиі себепкері - алкогольді шектен тыс қолдану және ұйқыбезінен он екі елі ішекке ашылатын өзектің таспен (конкрементпен) бітелуі. Панкреатит басқа да себептерден:инфекция, жарақат, белгілі дәрілік препараттардан дамуы мүмкін. Ол кенеттен (жедел) немесе ұзақ уақыт кезеңді түрде (созылмалы) пайда болуы мүмкін. Ұйқыбезінің зақымдалуы аса қатты емес ауру сезімімен басталып ауыр шок жағдайына дейін көрініс береді. Ең жиі ауыратын науқастар- әйелдер, бұл әйелдерде өттас ауруының жиі кездесуімен және май алмасудың бұзылысымен байланыстыруға болады. Науқастардың айтарлықтай бөлігін егде жастағы және қарт адамдар құрайды.
Панкреатиттің негізгі белгілеріне: іштің оң жақ жоғарғы бөлігі-ұйқыбезінің басының қабынуы, қабырға астында-ұйқы безінің басымырақ денесінің қабынуы, сол жақ қабырға астында-ұйқыбезінің құйрығының қабынуы; белдемелі ауыру сезімі ұйқыбезінің барлық бөлігінің зақымдануымен байланысты. Нәжістің сұйылуы болады. Нәжіс ботқа тәрізді, дұрыс қорытылмаған тағам бөліктері кездеседі.Нәжіс мөлшері көбейеді, өте жағымсыз иісті. Унитаздан қиын жуылады, көбік консистенциялы болуы мүмкін. Көктамыр арқылы ауыру сезімін басатын заттар мен сұйықтықтар клиникасы жақсарып, ұйқыбезінің ісінуі кеткенше аурухана жағдайында емделеді.
Панкреатит дамуына мүмкіндік туғызбау үшін түтікше арқылы тамақтанады, инфекцияларға қарсы антибиотиктер қабылдайды. Көптеген адамдар панкреатиттен жазылғанмен, қансырау, инфекция, ағзалық жетіспеушілік тәрізді асқынуларға әкелуі мүмкін.
Аударған: Тилеубергенова Гулжазира Таңатарқызы