Парвовирустық инфекция
Мазмұны
Парвовирустық инфекция (бесінші ауру) – бетте, қол-аяқта бөріткен пайда болуына апаратын вирустық инфекциялық ауру.
Ауру көбінесе, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларда көктем кезінде байқалады. Ауру ауа-тамшы жолымен таралады және жеңіл түрде өтеді.
Парвовирустық инфекция – вирустық ауру, енжар симптомдармен және беттегі, қол-аяқтағы бөріткен дақтармен сипатталады.
Себептері
Ауру адамның B19 парвовирусымен жұқпалануда пайда болады.
Парвовирустық инфекция кезінде келесі симптомдар байқалады:
- Ашық түсті теңбіл бөріткен алдымен беттің ұшында пайда болады (бетті «алау» шалғандай). Одан кейін денеге, қол-аяққа тарайды. Парвовирустық инфекцияда ортадан шетке қарай жойылады, тор-шілтер тәрізденеді. Бөріткен 1-2 апта ішінде толығымен өтеді.
- Қызба
- Буынның ауырсынуы
- Уақытша анемия (қанда функционалдық толыққұнды қызыл жасушалар-эритроциттердің мөлшері төмендейтін жағдай).
Ауруды анықтау үшін дәрігердің қарауы жеткілікті, себебі, парвовирустық инфекцияның тек өзіне ғана тән бөріткені болады. В19 парвовирусына қарсы антиденелерге (қандағы ақуыздық қосылыстар, олар бактериялар мен вирустар секілді бөгде организмдерді анықтап, жоюға мүмкіндік береді) қант талдауы диагнозды нақтылай алады.
Парвовирустық инфекция кезінде арнайы емдеу қажет болмайды. Егер балада қызба болса, жағдайды жақсарту үшін қызуды түсіретін кез келген препарат берілуі мүмкін.
Көпшілік жағдайда қандай да бір асқынусыз толық сауығу орын алады.
Балаларда ауру жиі жеңіл түрде өтсе де, кейде сирек асқынулар болады, алайда, егер парвовирустық инфекцияға жүкті әйел шалдықса, бұл ұрықтың дамуында күрделі бұзылыстарға апаруы мүмкін.
Парвовирустық инфекцияға күмән болатын жүкті әйел тезірек дәрігердің кеңесін алуы тиіс.
Жұқпаланудың алдын алу үшін тамақ ішердің алдында және науқастармен қатынастан кейін қолды мұқият жуу қажет.