.

Плацентаның ажырауы | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Плацентаның ажырауы

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Болжамы

Мүмкін асқынулары

Қашан дәрігерге көріну қажет

Алын алу

Синонимдары

 

Жалпы ақпарат

Плацентаның ажырауы плацентаның (ұрықты қоректендіретін ағзаның)  жатырдың қабырғасынан сәби дүниеге келгенге дейін ажырауы.

 

Себептері

Плацентаның ажырауының нақты себебін анықтау қиынға түседі.

Аурудың пайда болуының мүмкін себептері:

  • Құлағанда, ішін соғып алғанда немесе автокөлік апатында болатын іш аумағындағы жарақат
  • Жатырдың көлемінің кенеттен азаюы (амнитикалық сұйықтықтың (қағанақ суының) тез ағуынан немесе егіздің сыңарының тууынан кейін пайда болуы мүмкін)

 

Қауіп факторлары:

  • Қан ұюының бұзылыстары (тромбофилия)
  • Темекі шегу
  • Кокаин қолдану
  • Қант диабеті
  • Жүктілік кезінде алкогольді сусындарды тұтыну
  • Жүктілік кезіндегі жоғары артериалдық қысым (баланың өлім-жітіміне апаратын плацентаның ажырау жағдайларының жартысына жуығы жоғары артериалдық қысымға байланысты)
  • Өткенде плацентаның ажырауы
  • Жатырдың күшті созылуы (көп ұрықты жүктілікте немесе қағанақ суының өте үлкен көлемінде пайда болуы мүмкін)
  • Жиі босану
  • Үлкен жастағы жүктілік
  • Ұрықтың қабықшасының уақытынан бұрын жарылуы (қағанақ қабықшасының жүктіліктің 37-ші аптасына дейін жарылуы)
  • Жатырдың миомасы

 

Плацентаның ажырауы (плацентаның жатырдың қабырғасынан сәби дүниеге келгенге дейін ажырауы) шамамен 150 босанудың 1 жағдайында пайда болады. Баланың  өлім-жітіміне апаратын плацентаның ауыр ажырауы шамамен, 800-1600 босанудың 1 жағдайында пайда болады.

 

Симптомдары

  • Іштегі ауырсыну
  • Арқадағы ауырсыну
  • Жатырдың жиі жиырылуы
  • Ағзаның жиырылуында босаңсуы үшін үзіліс болмауы
  • Іншектік (вагиналдық) қан кетуі

 

Диагностика

Ауруды анықтау әдістері:

  • Іш қуысы ағзаларының УДТ (УЗИ)
  • Қанның жалпы талдауы
  • Фетальдық (құрсақтағы) мониторинг
  • Қандағы  фибриноген деңгейі
  • Ішінара тромбопластиндік уақыт
  • Гинекологиялық тексеріс
  • Тромбоциттер саны
  • Протромбиндік уақыт
  • Трансвагиналдық (іншек арқылы) УДТ (УЗИ)

 

Емдеу

Емдеу көктамыр арқылы сұйықтық енгізуден және қан құйылуынан тұруы мүмкін. Шок симптомдарын уақытылы анықтау үшін болашақ ананың жағдайына мұқият моиторинг жасау қажет. Сондай-ақ, ұрықтың жүрегінің жиырылуының жиілігін бақылау қажет, себебі, плацентаның ажырауында жүрек ырғағы жиілейді.

Шұғыл Кесарь тілігін өткізу қажет болуы мүмкін. Егер сәби мерзімінен бұрын туса, аздаған плацентаның ажырауы болады, ана қарқынды бақылау палатасында болуы мүмкін. Жағдай тұрақтанып, қан кетуі тоқтаса, бірнеше күннен кейін үйге қайтуына болады.

Егер ұрық жеткілікті дамыған болса, бұл ана мен сәби үшін қауіпсіз, табиғи түрде босануға болады. Олай болмаған жағдайда, Кесарь тілігі жасалады.

 

Болжамы

Аналар, әдетте, бұл аурудан өлім-жітімге ұшырамайды. Бірақ, келесі шарттардың бірі ана мен сәбидің өлім-жітімінің қаупін арттыруға қабілетті. 

  • Жабық жатыр мойны
  • плацентаның ажырауының кеш анықталуы және емделуі
  • шокқа апаратын қанның көп кетуі
  • жүктілік кезінде жатырдан жасырын қан кетуі
  • босану үшін күшенудің болмауы.

 

Өмірі жалғасқан балаларда жеңіл және ауыр асқынулардың даму ықтималдығы 40-50% құрайды.

 

Мүмкін асқынулары

Шамадан тыс көп қан кетуі шоктың дамуына және ананың немесе баланың өлім-жітіміне апаруы мүмкін. Егер қан кетуі босанудан кейін пайда болса, қан кетуі бақылауға алынбайды, гистерэктомия (жатырды алып тастау) қажет болуы мүмкін.

 

Қашан дәрігерге көріну қажет

Келесі жағдайларда дәрігерге көрініңіз:

  • автокөлік апатына түсіп қалсаңыз, егер, апат азғантай болса да.  
  • Сіз құлап, ішіңізді соғып алсаңыз.
  • Жүктілік кезінде іншектік (вагиналдық) қан кетуі пайда болса.

 

Жүктілік кезінде іншектік (вагиналдық) қан кетуі пайда болса, ішіңізде күшті ауырсыну немесе жатырдың жиырылуы пайда болса, шұғыл түрде дәрігерге көрініңіз немесе 103 телефоны бойынша  «жедел жәрдемге» хабарласыңыз. Плацентаның  ажырауы ана мен баланың өміріне қауіп төндіретін жағдай.

 

Алдын алу

Алкоголь, сыра және шарап тұтынбаңыз, жүктілік  кезінде темекі шекпеңіз, рекреациялық препараттарды қабылдаңыз. Босануға дейінгі ерте және ұдайы күтім алыңыз.

Қант диабеті және жоғары артериалдық қысым секілді ананың ауруларын бақылау плацентаның ажырауы пайда болуының қаупін азайтады.

 

Синонимдары

Плацентаның мезгілінен бұрын ажырауы; плацентаның ажырауы. 

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.