Плевральді жалқық
Бұл не? Плевральді жалқық (плевральный выпот) -бұл өкпе мен кеуде торын бөлетін плевра қуысында сұйықтықтың жиналуы. Сұйықтықтың жиналуына әкелетін негізгі себептерге қабыну үрдісі, жүрек жеткіліксіздігі, қатерлі ісік және ұйқыбезінің қабынуы жатады. Плевральді жалқық өкпе туберкулезінде ең жиі көрінеді.
Тыныс алудың қиындауы, кеудедегі ауырсыну сезімі, қақырықсыз жөтел, дене температурасының көтерілуі плевральді жалқықтың симптомдары болуы мүмкін. Егер плевральді жалқық аз болса, симптомдары болмауы мүмкін. Сұйықтықтың көптеп жиналуы тыныс алудың қиындауын шақырып өкпенің толық толуына кедергі келтіреді.
Диагностикасы. Дәрігер плевральді жалқықты қарау кезінде анықтап, кеуде қуысының рентгенографиясы арқылы дәлелдеуі мүмкін.
Емі. Егер плевральді жалқық аздаған болса дәрігердің араласуын қажет етпейді. Егер емді қажет етсе, ең алдымен плевроцентез арқылы –инені плевра қуысына енгізу арқылы сұйықтықтықты сорып алу керек. Алынған сұйықтықты лабораторияға жіберу арқылы оның жиналу себебін анықтауға болады.